Халықтың асыл қазынасын сақтаушы — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Халықтың асыл қазынасын сақтаушы

01.05.2023
Жаңалықтар
0
Халықтың асыл қазынасын сақтаушы

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Еңбеккер бейнесінде – Халықтың асыл қазынасын сақтаушы, архивші Исатаева Айдын Кеңесбайқызы.
Архив — тарихтың қайнар бұлағы. Архив — егеменді еліміздің асыл қазынасы. Архив қызметкерлері – осы тарихымыздың тамыры, асыл қазынамызды сақтаушы.
Исатаева Айдын Кеңесбайқызы 1965 жылы 17 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы бітірген Айдын арман қуып жоғарғы оқу орны Қазақ химия-технологиялық институтына оқуға түсіп, «инженер-технолог» мамандығы бойынша бітіреді.
2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивіне техник болып жұмысқа қабылданады. Білімін ары қарай жетілдіруге Мәскеу қаласындағы (ВНИИДАД) Бүкілресейлік құжаттандыру және архив ісі ғылыми-зерттеу институтында біліктілігін арттырады.
Айдын Кеңесбайқызы мұнымен шектелмей білімін үздіксіз дамытып, тынымсыз еңбегінің арқасында
2003 жылы І-дәрежелі архивист;
2004 жылы құжаттарды пайдалану және жарыққа шығару бөлімінің басшысы;
2009 жылы облыстық мемлекеттік архиві басшысының орынбасары;
2016 жылдан Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалады.
Айдын Кеңесбайқызының архив саласына қосқан еңбегін айтпау мүмкін емес. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында мәдени құндылығы бар құжаттарды шет елдерінің мұрағаттарынан іздестіру және ғылыми –зерттеу жұмыстарына қатысып, Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласынан, Ресей Федерациясының Сант-Петербург, Мәскеу, Орынбор қалаларынан, Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласынан көптеген құжаттардың көшірмелерін әкелуге атсалысты. Ғылыми ізденудің нәтижесінде шет ел архивтерінен әкелінген құжат көшірмелерін ізденушілердің кең көлемде пайдалануларына және біздің өлкенің тарихын толыққанды Айдын Кеңесбай-
қызының ғылыми – тәжірибелік конференция жұмыстарына қосқан үлесі үлкен. 1930 жылдардағы аштық құрбандарын еске алуға арналған конференцияда «Ұлттық трагедияның жаңғырығы» атты баяндамасымен, А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап – ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген конференцияда «Тарихтың –сырлы шежіресін мұрағаттан біле аламыз», «Кітапхана – білімнің күн шуағы» атты баяндамасы және Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының ұйымдастырған «Ұлттық идея – отандастардың тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында бірігу факторы» тақырыбымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми – теориялық конференцияда «Қазақ тарихы – бәрімізге ортақ қазына» атты баяндамасы арқылы көптеген мәселелерге өз үлесін қосты.
Айдын Кеңесбайқызының тікелей қатысуымен және басшылығымен облыстық архивтегі құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығару жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Жыл сайын облыстық архивте 30-ға жуық мақала жарық көрсе, сонымен қатар, түрлі тақырыптарда радиохабарламалар оқылады.
Атап айтсақ: «Оңтүстік Қазақстан облысы ашаршылық жылдарында» мәселесі және оның мұрағат материалдарындағы көрінісі» мақаласы, Қазақстан Республикасы архив мекемелері туралы ақпараттық бюллетень жарық көрсе, «Ерлік мәңгі жадымызда», «Жеке тектік қор құжаттарын жинақтау маңызды іс», «Қазақстан мұрағаттары» журналында «Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан әкелінген құнды құжаттар», «Тәркілеу ақиқаты архив құжаттарында» атты мақалалары, «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде «Электронды архив» жүйесін құрудың тәжірибелері» мақаласы; «Тарихтан-тағылым, өткенге-тағзым» мақаласы; «Ұлттың тұтастығы – ұлттық идеясында»; «Латын әліпбиіне көшу – қазіргі заман талабы» мақаласы; «Шаң басқан архивтерден табылармыз…» мақалалары мен баяндамалары республиклық және жергілікті басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді.
Сондай – ақ, архивтік құжаттарды жарыққа шығару барысында көптеген кітапшалар мен жинақтарды құрастыруға өз үлесін қосып келеді.
Мәселен, «Отанын қорғаған қаһармандар», «Өлке жастары отты жылдарда», «Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи мәдени ескерткіштер», «Қазақстандықтар Сталинград шайқасында», «Мырзашөл өңірін игеру тарихы туралы республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға дайындалған мақалалар мен баяндамалар», «Отанын қорғаған қаһармандар», «Тәуелсіздік белестері», «Оңтүстік Қазақстан облысындағы мұрағат қызметінің басшылары», Оңтүстік Қазақстан облысындағы мұрағат қызметінің 85 жылдығына арналған «Ұлттың асыл қазынасы – мұрағатта» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындалған мақалалар мен баяндамалар жинағы, «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының қорларын толықтыру және пайдалану бойынша ғылыми – іздену жұмыстары» атты ғылыми – тәжірибелік конференцияға дайындаған мақалалар мен баяндамалар жинағы, «Оңтүстік Қазақстан облысының өткендері мен өткелдері», «Сырдария округіндегі тәркілеу науқаны» жинағы, «Архив ісіне 90 жыл» т.б. жинақтары халыққа ұсынылды.
Исатаева Айдын Кеңесбайқызы әріптестер арасында үлкен абырой, құрметке ие, ұжым алдында беделді, білікті, білімді басшы. Архив ісін дамытуға және архив саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін, архив қызметінің құрылғанына 85 жылдық, 100 жылдық мерейтойларына орай Қазақстан Республикасы Байланыс және Ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Құрмет грамотасымен, «Ашаршылық ақиқаты (1932-1933жж.)» ғылыми-зерттеу жұмысына белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Мемлекеттік тарихи институтының Алғыс хатымен, Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалімен марапатталды, облысқа сіңірген еңбегі үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Архив саласының үздігі!
Отбасылы, үш баланың анасы, аяулы ана, ардақты әже! Бүгін Құрметті әріптесіміз Айдын Кеңесбайқызының туылған күні! Әріптесімізге деніне саулық, отбасына амандық, еңбегінің жемісті болуына, арман-тілектерінің орындалуына тілектеспіз!
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Еңбекқор адам елге сүйкімді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алтын аспаннан жауған жоқ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.