Қазіргі таңда төл мерекесінде де дұрыстап демала алмайтын мамандық иелерінің бірі дәрігерлер десек қателеспейміз. Таңнан қара кешке дейін жанына дауа іздеп келген науқастың қас-қабағына қарап, ем-домын жасаумен жаны қалмайтын ақ халаттылардың мәртебесі жер бетінің қай түкпірінде де жоғары екені сөзсіз. Ол аз десеңіз беймезгіл уақытта ауруханаға науқас түсіп, ота жасалу керек болса абзал жандардың түн тыныштығы тағы бұзылатынын білеміз. Елеулі еңбектері мен жылы жүректі мейірімділігімен халықтың ақ батасын алып жүрген олар қандай мақтауға да лайық.
Ел тілегін жанына демеу етіп, Гипократтық антына адал дәрігерлер жеткілікті. Олардың қатарында жүрегі қалап, таңдауы түскен мамандығының майталманына айналған Сарыағаш қаласында «Нұрболат» медицина орталығының бас дәрігері Жарылқасын Мелдешұлы бар.
Жарылқасын Мелдешұлы — Келес ауданы Жүзімдік елді мекенінің тумасы. Ол мектеп бітірген соң Алматы медициналық институтына оқуға түсіп, 1975 жылы оны хирург мамандығы бойынша бітіріп шықты. Бірінші санаттағы дәрігер-хирург білімін жетілдіру институттарында оқып, қосымша біліктілігін көтерді.
Адамның денінің сау болғаны ең бірінші кезекте қоғамға керек. Дертіне дауа іздеп келген науқастың қас-қабағына қарап, ем-домын жасап жүрген ақ халаты жандар жер бетінің қай түкпірінде болса да құрметке ие.
Жарылқасын Мелдешов 1976 жылдан Сарыағаш аудандық медицина мекемелерін басқарды. 2000-2006 жылдары аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып, қажырлы еңбегі үшін бірнеше рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық медицина басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Зейнеткерлікке шыққаннан соң ол Сарыағаш қаласынан жеке меншік үй сатып алып, үлкен төрт қабатты үйдің құрылысын бастап жіберді. Жұмысты неден бастау керек, қаржы, кадр мәселесі, дәрі-дәрмек, қажетті құрал-жабдықтар, тағы басқа мәселелерді оңтайлы шешті. Біраз ізденістің, ары-бері тынбай жүгірудің арқасында «Нұрболат» өндірістік кооперативінің медицина орталығы ашылды. Әрине, бастапқыда жағдай қиын болды. Керекті құрал-жабдықтар жоқ, маман-дәрігерлердің өзі жұмысқа ойланып кірісетін. Басында 5-6 пациентпен жұмыс бастады. Кейін заманауи медициналық аппараттарды сатып алды. Осылайша орталыққа адамдар көптеп келетін болды. Емделушілердің жататын орындары көбейтілді.
«Медицина орталығын ашқандағы мақсатым аз да болса халықтың денсаулығын көтеру, жұмыссыздарға жұмыс тауып беріп тұрмыс-жағдайын жақсарту, еліміздің экономикасын көтеру», – дейді медицина саласының ардагері Жарылқасын аға.
«Нұрболат» өндірістік кооперативінің Сарыағаш ауданындағы медицина орталығы жалпы тіркелген 30202 адамға медициналық көмек беру және аурудың алдын алу қызметтерінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жұмыс істеуде.
2021 жылы үлкен төрт қабатты орталыққа қосымша ғимарат қосты.
Сарыағаш қаласындағы «Нұрболат» медициналық орталықтың екінші ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, ауданы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын 6 қабатты (жалпы ауданы 5,5 мың шаршы метр.).
Ғимаратта терапевтік және хирургиялық профильдердің (екі операциялық бөлме, реанимация бөлімі, ояту бөлімі), күндізгі стационар қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті коммуникациялар мен жабдықтар бар.
«Нұрболат» ӨК базасында қазіргі уақытта 142 төсектік аурухана (оның 40-і хирургиялық, 92-сі терапевтік, 10-ы ақылы), 250 келушіге арналған емхана, жылжымалы жедел жәрдем бөлімшесі қызмет етеді. Сарыағаштағы медицина орталығында 37 адамнан тұратын арнайы көмек көрсету мамандардан (кардиолог, ревматолог, невропатолог, пульмонолог, эндокринолог, нарколог, педиатр, инфекционист, дерматолог, хирург, травматолог, гинеколог, уролог, офтальмолог, стоматолог және т.б.) тұрады.
Қазіргі уақытта Абай ауылында және Ақниет ауылында «Құркелес» ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылуда. Барлығы 70 дәрігер, 150 мейірбикелер жұмыс істейді. Құрал-жабдықтарға келетін болсақ, 4-ші буын аппараттары бар үш УДЗ кабинеті (тағы екеуі қажет), флюоро, ЭКГ, Холтер, СМАД, спирографы бар сандық рентген аппараты бар. KDO-да биохимиялық және бактериялық зертхана бар, ИФА (талдаулардың барлық түрлері жүргізіледі). Сондай-ақ жаттығу терапиясы, массаж, физиотерапиялық процедуралар (парафин, UHF, кварц, Мавит және т.б.) ұсынатын физиотерапия бөлімі бар. Компьютерлік парк 100-ден астам жұмыс орындарынан тұрады, DamuMed ақпараттық жүйесі қолданылады.
Осы ұжым қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Сарыағаш аудандық ұйымына тіркеліп, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Байқұл Сейтжан арасында келісім-шартты жасалынды және ұжым басшысы мен қызметкерлер атынан кәсіподақ комитетінің бірлесіп жасалынған ұжымдық шарты облыстық еңбек инспециясында тіркеуге өткізілді.
«Нұрболат» өндірістік кооперативінде бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерін құттықтау шарасына, кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын түзету, мерекелер мен мерейтойлар және т.б. шаралар жұмыстарына жұмсалған қаражаттар бекітілген сметасына сәйкес қолдау табуда.
Жарылқасын Мелдешұлына және ұжымына бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат, отбасыңызға береке тілейміз. Халқыңыздың алғысына, ыстық ықыласына, құрметіне бөлене беріңіздер.
Түн ұйқысын төрт бөліп, науқастардың айығып шығуына себепші болып жүрген ақ халатты абзал жандарға халық денсаулығын жақсарту жолында қайраттарыңыз қажымасын дегіміз келеді.