ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БОЙЫНША 250-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БОЙЫНША 250-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

29.05.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БОЙЫНША 250-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау шарасында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың маңыздылығына тоқталып, өзінің бірінші Жарлығында ауылдарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған болатын.
 Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.
«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда әрбір аудан және ауылдық округ әкімдеріне үлкен жауапкершілік пен ізденіс, еңбекқорлық керек. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаның қаражаты тиімді жұмсалуы тиіс. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аппараттың апталық отырысында осы мәселеге арнайы тоқталып, жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша баяу қимылдап, көш соңында қалған аудан әкімдерінің, жауапты басқармалардың жұмысын сынға алды.
– Аудандар мен қалаларды аралап, әкімдермен, елмен кездесіп жүрміз. «Ауыл аманаты» жобасын үйлестіру жұмыстары әлі де төмен деңгейде. Жартыжылдық бітіп жатыр, баяу жүруде. Осы жобаға қатысты басқармалар, қаржылық мекемелер, «Ырыс» қаржы ұйымы, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, әкімдер, кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтары жұмысты жандандыруы тиіс. Тұрғындарға құжат дайындауға, жобаларын жүзеге асыруға көмектесіңіздер. Жобаның сәтті жүзеге асырылуына тікелей жауаптысыздар. Бұл – Мемлекет басшысының назарында тұрған аса маңызды тапсырма. Мемлекет ұсынған қаржы тиімді жұмсалып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беруі қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Н.Бекмұратов пен «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның төрағасы Ф.Байдуллаевтың есептері тыңдалды.
Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл басында 11 млрд. теңге, наурыз айында республикалық бюджетті нақтылауда қосымша 8,9 млрд. теңге қарастырылып, жалпы 19,8 млрд. теңге бөлінді. Облыс бойынша негізгі 6 бағытты қаржыландыру көзделуде. Нәтижесінде 3 220 бірлік жобаға қолдау көрсетіліп, кемінде 3413 бірлік жаңа жұмыс орындары құрылады. Несие қаржысын таратушы ретінде сенім білдірген өкіл «Түркістан ӘКК» АҚ-ы белгіленді. Өтінім қабылдау «Түркістан ӘКК» АҚ-ы еншілес мекемесі «Ырыс»ШНҰ» ЖШС арқылы жүргізілуде.
Жобаны іске асыруда өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте (11 млрд. теңгеге) жобаға қатысатын 16 ауданнан 32 ауылдық округі анықталды. 44 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Кооперативтердегі мүшелер саны – 3406 адам. Бүгінгі күні 425 жоба қабылданып, 1,1 млрд. теңгеге 236 жоба мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.
Талдауға сәйкес 90 % өтінімдер мал шаруашылығы саласын дамыту бағыттында өткізілген немесе 425 жобадан 380 жоба мал шаруашылығы, 40 жоба егін шаруашылығы, 5 жоба балық шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр.
Жиында құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту және жобаларды әртараптандыру бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен бірге осы қолдау арқылы АӘК алушылар санын азайтып, кәсіпкерлер санын көбейту міндеті де күн тәртібінде екені мәлімделді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕН МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӘР ГЕКТАРДАН 90 ТОННА ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.