ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫН» ҚОРТЫНДЫЛАҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫН» ҚОРТЫНДЫЛАҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

Түркістан облысында «Балалар жылын» қортындылаған «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс-шарасы өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өткен іс-ішараға өңірдің талантты балалары қатысты. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына құрмет көрсетті.

23.12.2022
Руханият
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫН» ҚОРТЫНДЫЛАҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Түркістан облысында «Балалар жылын» қортындылаған «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс-шарасы өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өткен іс-ішараға өңірдің талантты балалары қатысты. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына құрмет көрсетті.
– Қадірменді түркістандықтар, дарынды балалар. Алдымен іргемізден енгелі тұрған Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Мұндағы мақсат – Қазақстан бойынша өздеріңіз сияқты талантты, дарынды балаларға қолдау жасап, қоғамдағы ізгілікті адамдарының қатарына қосу. Түркістан облысында бұл шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өңірімізде мыңға жуық мектепте 514 мың бала білім алып жатыр. Оның ішінде Түркістан облысының оқушылары биылдың өзінде республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардан алтын, күміс, қола жүлделерді жеңіп алды. Қадірлі балалар! Түркістан – еліміздегі ең бала саны көп өңір. Әрбір бесінші сәби Түркістан облысында дүниеге келеді. Биыл өңірде 14 мектеп пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да мектептер саны артады. Сіздер осы білім ұяларында білім алып, елге қызмет ететін шынайы отаншыл азаматтар болуларыңыз керек. Балаларға қамқорлық жасау, қолдау көрсету бір жылмен шектелмейді. Балаларды жан-жақты дамытуға жағдай жасауды жалғастыра береміз, – деді Бейсен Тәжібаев.
Салтанатты жиында халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жеңімпаз атанған 18 оқушы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге «Балалар жылы» аясында үздік атанған Түркістандағы оқушылар сарайы мен Қазығұрт және Жетісай аудандарына микроавтобустың сертификаттары тапсырылды.
Мерекелік кеште облысымыздың жас, оқушы өнерпаздары мен республикаға танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Түркістан облысында «Балалар жылын» өткізу 7 бағытта жоспарланып, облыс көлемінде 83 іс-шара іске асырылды. Оған 5.2 млрд. теңге қаралды. Облыста мектепке дейінгі біліммен қамту – 92,9%. «Балалар жылын» және «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекелерін облыс көлемінде жоғары деңгейде өткізу мақсатында «TURAN-BALAFEST» онкүндік фестивалі өткізілді.
«Балалар жылы» шеңберінде «Дара» қорының қолдауымен Мақтаарал, Сарыағаш, Ордабасы аудандарында түзету кабинеттерінің филиалдары ашылып, оған қор тарапынан 12 000,0 мың. теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тиісті коррекциялық жұмыстар көрсету сапасы жақсарды. Сонымен қатар 11 айда облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде 9845 бала оңалту емін, 3892 бала сауықтыру емін қабылдаған. Республикалық оңалту орталықтарында 507 бала ем алған.
Облыстағы 38 қосымша білім беру мекемелерінде – 28 500 оқушы, мектептегі үйірмелерде 355 600 оқушы қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 70,1%-ды (384 100 оқушы) құрады.
Қазығұрт ауданында 120 балаға арналған, Келес ауданында 320 балаға және Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған жаңадан оқушылар үйі ашылды. Түлкібас ауданы 150 балаға арналған «Өнер» мектебі, Түркістан қаласында заманауи техникамен жабдықталған оқушыларды шығармашылыққа үйрететін «Fablab» шеберханасы ашылды. Кентау, Арыс, Төлеби аудандарында дәл осындай шеберханалар ашылады.
Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында облыс оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте екі жыл қатарынан I орынға ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘКІМ ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ АТАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ШЫМКЕНТТЕ «ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ — 2022» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
13
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
98
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
31
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Руханият

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

06.12.2023
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.