ТӨЛЕБИ: АЛАТАУДА ТҮНГІ ЖАРЫҚ ҚОЙЫЛЫП, ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА — Төрттаған
Суббота, 10 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: АЛАТАУДА ТҮНГІ ЖАРЫҚ ҚОЙЫЛЫП, ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

02.11.2022
Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: АЛАТАУДА ТҮНГІ ЖАРЫҚ ҚОЙЫЛЫП, ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Төлеби ауданының кезекті кездесуі Алатау ауылдық округінде өтті. Округ аумағындағы аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 90,1 пайыз. Биылғы жылы жалпы ұзындығы 2,6 шақырымды құрайтын 3 көшеге асфальт төселді. 6,2 шақырымдағы облыстық маңызы бар КХ-170 «Екпінді-Біркөлік» шипажайына кіре беріс жолды орта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар С.Әбдікерімұлы көшесіне тас төселіп, Біркөлік елді мекеніндегі 6,3 шақырымды құрайтын М.Мақатаев, Боралдай, Л.Хамиди көшелеріне, Екпінді елді мекеніндегі Шалқар, Б.Саттарханов, Ақтоғай көшелерін орта жөндеу өткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Округ аумағындағы табиғи газға қосылған абоненттер саны 1224 үй. ГРПШ саны 917 дана. Нысанбек елді мекеніндегі ауыз су құбырының құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі. Қосағаш елді мекеніндегі ұңғымаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Шұбарағаш елді мекеніндегі бұлақ көзінің санитарлық аймағы қоршалуда.
Ұлттық қор есебінен Екпінді, Біркөлік елді мекендерінің электр жүйелері мен трансформаторын орнатуға 99,5 млн теңге қаржы қарастырылды. Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан, М.Мақатаев, Бұлақты №1, 2,3, Өгем көшелері, Екпінді елді мекеніндегі Н.Назарбеков, Беткейлі, Тараз көшелеріне 16,2 шақырым электр желісі тартылып, 7 трансформатор, 160 бағана ауыстырылады. Сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің инвестициялық бағдарламасы аясында Жаңатұрмыс елді мекеніне 2,7 шақырым электр желісі, 96 бағана қойылады.
Нысанбек елді мекенінің 1,409 шақырымына, Абай көшесінің 1,3 шақырымына, Төлеби көшесінің 0,3 шақырымына, Алатау елді мекенінің 1,0 шақырымына түнгі жарық орнатылды.
2022 жылы жүзеге асып жатқан жобалар:
• Екпінді, Шұбарағаш, Қосағаш елді мекендеріндегі ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтті.
• Қайнар және Шатыртөбе елді мекенінің су құбырлары мен құрылғылары қайта құрылды.
• «Таш» каналы механикалық тазалаудан өтті.
Үшінші тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар:
• Жол және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында аудан бойынша 20 дана бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, облыстық маңызы бар жолдарға «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату жөнінде ұсыныстар берілуде.
• «Жарық жол» мекемесі тарапынан Қорған елді мекеніндегі орталық жолдағы шұңқырлар толтырылды.
• Шұбарағаш елді мекенінің жолы бойындағы көпірдің құрылыс материалдары ол арқылы өтетін көліктердің жүру қарқындылығы жарамды екені анықталды. 2023 жылы көпірдің жағдайына техникалық сараптама жасалады.
• Шатыртөбе елді мекенінің Тамшылы көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарланған.
• Қайнар елді мекеніндегі жаңа мектепке баратын жолға асфальт төселіп, мектептің су есептегіші мен құбырындағы ақаулар ретке келтірілді.
Жаңа форматтағы кездесу тәртібіне сәйкес, тұрғындарды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айлық көрсеткіштерін таныстырып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген бағыттарды түсіндірдім. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері, өтініштерін назарға алып, маңызды мәселелер талқыланып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап бердім.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САЙРАМ: НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ 9 АЙДА ОРЫНДАЛУЫ ТЫҢДАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «TURKISTAN» АЭА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
425

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
195
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.