ҚАЗЫҒҰРТ: МАҚСАТ – МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУ — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: МАҚСАТ – МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУ

16.10.2022
Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ: МАҚСАТ – МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУ

Қазақ халқы әу бастан мал шаруа­шылығы және ауыл шаруашылығы саласымен айналыса бастады. Жаз жайлауда, күз күздеуде, қыс қыстауда жүрсе де төрт түлікті баптап ұстады. Кең байтақ дархан даламыздың қойнауын төрт түлікпен толтыра білген. Шама-шарқынша қой өсірді, жылқы ұстады, түйе бақты, сиыр сауды. Ішсе сусын, жесе азық, мінсе көлік, кисе киім болған төрт түлік адамзат баласымен бірге тіршілік етіп келе жатқанына тарих куә. Осыдан-ақ, мал шаруашылығының біздің өмірімізде алатын орны ерекше екенін аңғаруға болады. Әу бастан тіршілігіне таяныш болған мал шаруашылығының тамыры тереңде жатыр.
Кәсіпкерлікті дамыту – бүгінгі күннің алға қойылған маңызды міндеттерінің бірі. Кәсіпкерлік қаншалықты дамыса, экономика да соншалықты өркендеп өсе бермек. Осы ретте, жас болса да бас болып, алдына мақсат қойып, өзінің шағын кәсібін дөңгелетіп, отырған жас кәсіпкерлер хақында сөз етуді, өзге жастарға үлгі ретінде насихаттауды жөн санадық. Бүгінгі заманның талабы да осы. «Кәсібіне қарай – нәсібі» демекші, бүгінде өз мүмкіндіктеріне қарай кәсіп ашып, ісін дөңгелетіп отырғандар саны күннен-күнге артып келеді. Сол жандардың қатарында Мейірманқұловтар отбасы бар.
Бүгінде заманның сұранысына орай еліміздегі әрбір ауыл округінен мал бордақылау алаңдары ашылуда. Мал бордақылау ісін кәсіп көзіне айналдырған азаматтардың тасы өрге домалап, кәсіпкерлігі жандануда. Кәсіп бастап, іс қылып, ерінбей еңбек етем деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау аз болып тұрған жоқ.
Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз де мал шаруашылығын дамытып, мал басын көбейтуде аудан экономикасына өз үлесін қосып отырған жігергендік Мейірманқұлова Күлшат Абдуллақызы. Оның мал бордақылау кәсібімен айналысқанына көп болған жоқ. Бірақ, ол аз уақыттың ішінде осы саланы терең меңгеріп, қыр-сырына қанықты.
«Біз бұл салаға кездейсоқ келген жоқпыз. Отағасы Мейірманқұлов Сапарбектің бастамасымен неге осы мал бордақылауды кәсіп көзіне айналдырмасқа деген ой келді. Алғашында несие алып бастадық. Кейіннен кәсіпкерлік саласы бойынша білімімді шыңдап, сертификат алдым. Бүгінде есік алдындағы қора-жайымыз алпыс бұқа өсіруге лайықталған. Бұқаларға қарау, жем-шөбі отағасы Сапарбек пен ұлымыз Қуанышбектің мойнында. Бүгінде шаруашылықтың тізгінін толықтай ұлымыз Мейірманқұлов Қуанышбекке өткеріп жатырмыз», – дейді Күлшат Абдуллақызы.
«Ет жемесе түсіне кіретін қазақпыз ғой. Ет өнімдері тұтынушының көңілінен шығып отыр. Бір бұқа 300 келінің үстінде ет береді. Ал, орнында сатсақ саудасы әр қалай. Кейде 700-800 үстінде кетеді. Клиенттің қалауына қараймыз», – дейді отағасы Сапарбек Мейірманқұлов.
Алайда, кәсіпкердің өз өтініші мен айтар ұсынысы да жоқ емес. Бұл тұрғыда «Расында, елде кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары көп. Әсіресе, мал шаруашылығына ерекше мән береді. Көріп, біліп жүрміз, малды асылдандыру үшін, оның басын көбейту үшін несие алып жатқандары қаншама? Бірақ, соның арасында малды бордақылау мақсатында қайтарымсыз грант ұтып алғандар бірен-саран, тіпті кездестірмейсіз. Міне, осыны үкімет қолға алса екен. Сол сәтте аталған кәсіппен айналысып, өз нәпақасын ешкімге алақан жаймай табатындар көбейер еді», – деді К.Мейірманқұлова.

– Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек. Бастапқыда қиындықтар кезігер. Бастысы, жобаңызды тереңінен зерделей біліп, қаржыны мақсатты жұмсай білсеңіз, еңбегіңіз зая кетпесі анық. Менің өзімнің мамандығым – ұстаздық. Информатика пәнінің мұғалімі. Алайда, бұл салада емес, өзіңіз көргендей кәсіпкерлік саласына бет бұрып, ата-бабадан мұраға қалған кәсіпті дамытуды қолға алуды мақсат етіп отырмын. Ірі қара малға ерекше күтім керек. Мал дәрігерлік талаптар бізде бұлжытпай орындалады. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала», – дегендей сойыс малын ауыл-ауылдардан, осы өзіміздің өңірдің мал базарларынан сатып аламыз. 5-6 ай бағып, бордақылауға дайындаймыз. Бәрі де нормамен. Қора талапқа сай, жарықтандырылған, су ішке кірген. Санитарлық нормаға сәйкес. Алдағы уақытта үлкейту ойда бар. Ол үшін ең алдымен қаржы керек. Әзірге шаруашылықтың тірлігін тіктеуді қолға алып отырған жайымыз бар, – дейді жас кәсіпкер Қуанышбек Мейірманқұлов.
Кәсіпте табысқа жетуге болады. Ол үшін тынымсыз еңбек қажет. Сондықтан да, мемлекеттің алға қойған негізгі бағыттарының бірі – экономикаға, бизнеске қабілетті адамдардың қатарын көбейту, шағын және орта бизнеске азаматтарды көптеп тарту болатын. Көп еңбек еткенге бақыт та басын иеді. Әлем де еңбекпен ғана жасарып, жаңғырады.
Қазақ елінің бүкіл болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі малмен байланысты. Алайда, екінің бірі тәуекелге бел байлап, оны кәсіпке айналдыра бермейді. Олай болса, төрт түліктен табыс тауып отырған жандарды неге қолдамасқа?

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Ғазиза ТІЛЕУБЕРГЕНҚЫЗЫ.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚАЗЫҒҰРТТА ОРАЛЫМДЫ ІСТЕР КӨП

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КӨП БАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ ӨЗ ЖЕКЕ КӘСІБІН ӨРЛЕТІП ОТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.