Республика күніне орай, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның әуесқой балықшылары арасында балық аулаудан жарыс өтті. Оған аудандағы қала мен ауылдардан 11 команда қатысты.
Шараның мақсаты — аудан жастарын қоғамдық белсенділікке тарта отырып, бос уақытын тиімді пайдалануға, балық шаруашылығына қызықтыру және салауатты өмірді насихаттау.
Жарыста әр командадан 3 адам қатысып, бақтарын сынады. Жарыс нәтижесінде 1-орынды Қоссейіт ауылының «Қармақшы» командасы, 2-орынды Шардара қаласының «Сазан» командасы, 3-орынды Алатау батыр ауылының «Алатау батыр» командасы иеленді.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов үздік шыққан үштікке және қатысушы командаларға арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.