Күз мезгілінің қазан айында Кентау қаласында алма талы гүл ашты. Табиғаттың тосын сыйына куәгер болған қала тұрғындары аң-таң. Кентау қаласында жалпы мұндай құбылыс бұрын соңды орын алмаған.
Алма талы қаладағы №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ауласында өсіп тұр. Бұл жеміс талын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еріктілер отырғызған.
— Мектебіміздің ауласында осындай керемет жағдай болды. Оны көпшілікпен бөлісуді жөн көрдім. Жалпы білім ордасының ауласындағы талдарға мектептің бақшасы жақсы қарайды. Жемістің талдың осы уақытта гүлдеуі біз үшін қызық, — дейді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Омаров.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі