ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІН КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ФОРУМДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ — Төрттаған
Пятница, 4 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІН КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ФОРУМДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

23.08.2022
Жаңалықтар
0

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбында Қазақстанның оңтүстік облыстарының өңірлік форумы онлайн форматта өтті. Форумды Coca-Cola халықаралық қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ ұйымдастырды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық ада қатысты.
Форумның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын және Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға жәрдемдесу.
Маңызды жиында ауылдарды өркендету, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауыл тұрғындарын өнімді жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы ауылда әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту жолдары да сөз болды. Басқосуға Түркістан өңірінің де іскер ханымдары қатысты.
Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина форумға модераторлық жасап, маңыздылығына тоқталдв. Оның айтуынша, елімізде ауыл әйелдерінің басым бөлігі оңтүстік өңірлерде тұрады. Басқа өңірлердегі ауыл әйелдерінің саны 400-600 мыңнан аспаса, бүгінде оңтүстік өңірде 2 миллион 200 мыңға жуық ауыл әйелдері бар екен. Ең көп ауыл әйелдері Түркістан және Алматы облыстарында шоғырланған.
– Бүгін біз осы жұмыссыздық мәселесін, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, ауылдағы қыз-келіншектердің дамуы, өз кәсібін бастауы, кәсіп бастап кеткендерін қолдау сияқты өзекті мәселелерді жан-жақты ашық талқылайтын боламыз. Бұл форум алаңына ауылдың өркендеуіне үлес қосуды мақсат тұтқан шынайы жанашырларды жинауға тырыстық. Ауылдық жерде тер төге жұмыс атқарып, ел экономикасының қарқынды дамуына, өз өңірлерінің гүлденуіне үлес қосып жүрген Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының түпкір-түпкіріндегі ауылдардан қатысып отырған қыз-келіншектерді біз ерекше мақтан тұтамыз, – деді М.Айсина.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен бірнеше министрлік өкілдері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары әкімдіктерінің өкілдері де өз пікірлерін білдірді. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев Түркістан өңірінде кәсіпкерлік саласында әйелдердің белсенділігі жоғары екенін атап өтті. Ал «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов, «Соса — Cola белестері» және «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн-мектептерінің мысалында ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін әлеуметтік қолдау-практикалық қолдау, бизнес дағдыларды дамыту, тәлімгерлік және тәжірибе алмасу туралы айтып берді.
Форумның екінші бөлімі «Асқар шыңдарға туған ауыл әйелдері» тақырыбмен өтті. Мұнда ауыл әйелдерінің жетістікке жету тарихы сөз болды. Бұл бөлімде Найла Үмбетова («Кәусар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Алматы облысы), Назгүл Насиева («Renewal kz» ЖШС директоры, Жамбыл облысы), Гүлсім Дәрібаева (кәсіпкер, Қызылорда облысы). Набаткүл Байтанаева («Олжас-Б» шаруа қожалығының төрайымы, Түркістан облысы) және «Coca-Cola Белестері-2021» жобасының жеңімпазы Сәбила Жайлыбаева (Алматы облысы) өз тәжірибелерімен бөлісті. Ауыл әйелдеріне мемлекеттік қолдау, гранттар көбейсе деген ұсыныстарын жеткізді.
Cтатистикалық мәліметтерге сәйкес Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің саны 155 мыңнан астам субъектіні құрайды, олардың 32 пайыздан астамы – әйелдер. Әрбір үшінші кәсіпкер ханымдар деген сөз. Бүгінде өңірде кәсіпкерлікті қолдау үшін түрлі гранттар ұсынылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТУРКЕСТАНСКАЯ ДЕЛЕГАЦИЯ ОБМЕНЯЛАСЬ ОПЫТОМ НА ФОРУМЕ ПО ПРИВЛЕЧЕНИЮ СЕЛЬСКИХ ЖЕНЩИН К ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВУ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ONLINE ФОРМАТТАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.