ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ — Төрттаған
Четверг, 4 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

15.08.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

READ ALSO

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуде бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері, өтініштері тыңдалды. Жиынға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының 1-ші орынбасары Мақсат Қиқымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов және өңірлік кеңес мүшелері, аудандық кәсіпкерлер кеңесі мүшелері, Түркістан облысы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдармен қаржы институт басшылары және кәсіпкерлер қатысты. Өңір басшысы Түркістан облысында шағын кәсіпкерліктің әлеуеті жоғары екеніне тоқталды.
– Түркістан облысында халық саны көбейіп келеді. Ол – қуанышты жағдай. Енді сол елге қажетті жұмыс орындарын, өндіріс орындарын көбейту – уақыт талабы. Түркістан өңірінің тұрғындары қашан да кәсіпкерлікке бейім болған. Кәсіпкерлік субъектілері саны жөнінен облысымыз Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейін үшінші орында тұр. Кәсіпкерлер саны жылдың өзінде 10 мыңға өсіп, 155 мыңға жетті. Сондықтан біз кәсіпкерлікке үлкен маңыз беріп, «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы қолдау көрсетіп отырмыз. Түркістандағы құрылыстарды да жергілікі кәсіпкерлер атқарып жатыр. Кәсіпкер болу – өте қиын. Ол үшін экономика, заң, бухгалтериядан білім болуы керек. Ұйымдастырушылық шеберлігі жоғары және тәуекелге бара алатын азаматтар ғана мықты кәсіпкер бола алады. Біз өңірде «Кәсіпкерлік қырандары» атты жобаны іске қостық. Танымал, ірі кәсіпкерлер жас әрі ізденіс үстінде жүрген кәсіпкерлерге өз білгендерін үйретеді. Жобаларын қаржыландырып, қолдау көрсетеді. Бұл жоба жалғасын табады. Аудан әкімдеріне де ауыл-аймақтан іскер, кәсіпкерлікке бейім жастарды табу, қолдау көрсеу туралы тапсырма берілді. Кәсіпкерлік – экономиканың қозғаушы күші. Бизнес өз кезегінде әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі қажет. Ең керегі өңір тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков кәсіпкерлер палатасы атқарып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
– Түркістан қаласында екінші деңгейлі банктердің толыққанды филиалдарының жоқ еді. Бұл мәселе Ұлттық банк тарапынан қолдау тауып, «Халықбанк», «Фортебанк», «Жусанбанк», «БанкЦентрКредит», «Сбербанк» филиалдары ашылды. «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қаражат мәселесі, жылыжайларда тұқымдар мен тыңайтқыштарды субсидиялауға қолдау көрсетілді. Статистикаға жүгінетін болсақ, облысымызда қазіргі таңда 160 мыңға жуық кәсіпкердің 52 пайызы ауыл шаруашылығы саласында қызметтерін атқаруда. Биыл Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам ақпараттық қамтамасыз ету қызметін және 1 мыңнан астам сервистік қолдау қызметтерін көрсетті. «Атамекен-Түркістан» МҚҰ қазіргі таңда 226 жобаны 1,8 млрд. теңгеге қаржыландырды, – деді ол.
Кездесудің күн тәртібінде колледждерді сенімгерлік басқаруға беру, Түркістан индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорындардың проблемалық мәселелері, Түркістан қаласында қолөнершілер орталығын ашу және өзге де мәселелер талқыланды. Жеңілдетілген несие, субсидия түйткілдері де тарқатылды. Кәсіпкерлер еркін форматта көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ол ұсыныстар хаттамаға енгізілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: « АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АРҚЫЛЫ 105 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

03.12.2025
4
Жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласындағы жаңғырту тұрғындарға қолжетімді медициналық көмекті күшейтті

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары ауыл жастарының өз ісін бастауына жол ашты

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өңір фермерлерінің ішкі нарықты тұрақтандыруға үлес қосуда

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Цифрлық сервистер халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырды

27.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
444

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
387
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
184
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
181

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.