ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА 3 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА 3 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапарында аудандағы құрылыс нысандарындағы жұмыстар барысымен танысты. Ауданның инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жобаларды саралады.

02.08.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА 3 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапарында аудандағы құрылыс нысандарындағы жұмыстар барысымен танысты. Ауданның инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жобаларды саралады.
Жалпы биыл ауданда 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бір мектеп осы оқу жылының басында, яғни, қыркүйекте берілсе, 2 білім ұясы жыл соңына дейін тапсырылмақ. Сонымен қатар 1 мектепке қосымша корпус соғылуда. Биыл жыл басында халық санының артуына байланысты үш мектепке қосымша корпус бой көтеріп, пайдалануға берілген. Өңір басшысы Абайыл ауылындағы Н.Қасымбеков атындағы жаңа мектептің құрылысын көрді. Мердігер мекеме «ШАХ» ЖШС салып жатқан мектептің сыйымдылығы – 100 орын. Құрылысы бір ай көлемінде толық аяқталмақ.
– Білім саласын дамыту – назардағы іс. Былтыр елімізде салынған мектептердің төрттен бірі біздің өңірде бой көтерді. Биыл Түркістан облысында 59 мектептің құрылысы қолға алынған. 21 білім ұясын биыл пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр, – деген Өмірзақ Шөкеев құрылысқа асқан жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Балықшы ауылындағы Ж.Нарботаұлы көшесінің орташа жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Ұзындығы 1,4 шақырым көше жақында ел игілігіне беріледі. Облыс әкімі Т.Рысқұлов ауылы, «Бахыбек» мөлтек ауданының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жүргізу және дамыту мәселелерімен де танысып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Шарафкент ауылындағы «Боз» каналының құрылысына қатысты да өз ойын білдіріп, жобаның маңызды екенін айтты. Өңірде каналдарды жөндеу, ағын су мәселесін шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді. Жоба аясында 11 шақырымнан астам канал жөнделеді. Ол жұмыстар 2023 жылы аяқталмақ. Осы арқылы ауданда ағын сумен қамту көрсеткіші артып, диқандарға жағдай жасалады.
Жұмыс сапарында Өмірзақ Шөкеев Жаскешу ауылындағы «Жер Ана» шаруа қожалығында болды. Шаруа қожалығының басшысы О.Көлбаевтың айтуынша, мұнда бидай, арпа және жоңышқа өсіріліп жатыр. Жобаның қуаттылығы – гактарына 35 центнер. 420 гектардың 200 гектарына бидай егілсе, қалғанына арпа мен жоңышқа өсірілген. Аталған шаруашылықта 25 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі егістікті әртараптандыру, жаңа технологияларды қолдану, суды үнемдеу аса маңызды екеніне тоқталып, өңірде ауыл шаруашылығына қолдау көрсету жалғасатынын мәлімдеді.
Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталған. Егіс көлемі өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 40 МЕДАЛЬМЕН ТОП ЖАРДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

6 АЙДА 188 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.