«AMANAT»: Қ.А.ЯСАУИДІҢ ӨМІРІ ЖАЙЛЫ МУЛЬТФИЛЬМ ТҮСІРУГЕ ҰСЫНЫС БІЛДІРІЛДІ — Төрттаған
Пятница, 4 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«AMANAT»: Қ.А.ЯСАУИДІҢ ӨМІРІ ЖАЙЛЫ МУЛЬТФИЛЬМ ТҮСІРУГЕ ҰСЫНЫС БІЛДІРІЛДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы “MIRAS” азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Дөңгелек үстел басында кеңес мүшелері облыс аумағындағы тарихи-мәдени орындардың жай-күйі және анимациялық фильмдердің сапасын арттыру мәселесін талқылады. Жиынның модераторлық тізгінін алған кеңес төрағасы Қалыйма Жантөреева балаларға арналған анимациялық фильмдерді түсіру тоқтап тұрғанын айтты. Сондай-ақ ол:

22.07.2022
Жаңалықтар
0
«AMANAT»:  Қ.А.ЯСАУИДІҢ ӨМІРІ ЖАЙЛЫ МУЛЬТФИЛЬМ ТҮСІРУГЕ ҰСЫНЫС БІЛДІРІЛДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы “MIRAS” азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Дөңгелек үстел басында кеңес мүшелері облыс аумағындағы тарихи-мәдени орындардың жай-күйі және анимациялық фильмдердің сапасын арттыру мәселесін талқылады. Жиынның модераторлық тізгінін алған кеңес төрағасы Қалыйма Жантөреева балаларға арналған анимациялық фильмдерді түсіру тоқтап тұрғанын айтты.
Сондай-ақ ол:
— Бұған дейін облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесі «САҚ» киностудиясымен бірлесе отырып бірнеше тарихи анимациялық фильмді көрермен назарына ұсынған болатын. Алайда, қазір қаржы тапшылығына байланысты түсіру жағы тоқтап тұр. Оған қоса, күн тәртібіндегі тағы бір мәселе Балақорған және Қызқорған тарихи ескерткіштерін мемлекеттік қорғауға алу жайын көтерудеміз. Осы ретте аталған мәселелердің күрмеуін шешу мақсатында қоғамдық кеңес мүшелерінің басын қосып отырмыз,-деді.
Жиында сөз алған облыстық мәдениет басқарма басшысының орынбасары А.Темірхан екі мәселеге де тоқталып, хабарлама жасады. Айтуынша, «САҚ» киностудиясы түркі халықтары үшін ерекше маңызға ие әрі тарихи тұлға Қ.А.Ясауидің өмірін кеңінен насихаттауға арналған бірнеше жоба ұсынған. Егер қаржылай қолдау тапқан жағдайда киностудия талапқа сай туындылар әзірлеуге дайын. Атап айтқанда, «Яссы құпиялары» атты 10 сериялы анимациялық фильмінің жоба құны — 150 000,0 мың теңге. Ал, «100 аңыз» атты 5 бөлімнен тұратын мультфильмге 75 000,0 мың теңге қажет.
Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары Балақорған және Қызқорған бекіністері мемлекеттік тізімдегі ескерткіштермен бірдей қорғауға алынғанын мәлімдеді. Аталған тарихи мекендерге сараптама жүргізіліп, облыс әкімінің қаулысымен жергілікті маңызы бар ескерткіштер қатарына енгізу жоспарлануда.
Кеңесте «САҚ» киностудиясының директоры Н.Паттеев Түркі дүниесінің астанасы — Түркістан шаһарын насихаттауға бағытталған жобалар мен ұсыныстарын жеткізді.
— Жас ұрпақ Еуропаны қоспағанда, көрші Ресейдің мульфильмдерін тамашалап өсіп жатқаны жасырын емес. Бұл құбылыс елдігімізге кері әсерін тигізері анық. Осы орайда біздің киностудия бірнеше жылдан бері балаларға көптеген мультфильм тарту етіп келеді. Олар тек жергілікті ғана емес республикалық телеарналарда да көрсетілді. Жуырда Түркістанда «100 аңыз» атты кітап жарық көрді. Осы кітаптың желісі негізінде анимациялық фильм дайындауды қолға алудамыз,- деді Н.Исаұлы.
Отырыс соңында кеңес мүшелері мәселелерді жан-жақты талқылап, айтылған бірқатар ұсынысты назарға алды. Облысымыздың әр түкпіріндегі тарихи жәдігерлер жайлы мәліметтер жинақтауға және оларды қорғауға алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге уағдаласты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.