ТҮРКІСТАНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

Киелі өңір – Түркістанда маңғаз өлкенің екі күндік бағдарламасы өнер шеберлерінің «Маңғыстаудан мың сәлем, Түркі төрі!» салтанатты шарасымен басталды.

17.06.2022
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Киелі өңір – Түркістанда маңғаз өлкенің екі күндік бағдарламасы өнер шеберлерінің «Маңғыстаудан мың сәлем, Түркі төрі!» салтанатты шарасымен басталды.
Шара аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев «Түркістан облысына Маңғыстаудан тарту» кіші архитектуралық ескерткішін салтанатты түрде ашты.
Облыс әкімінің орынбасары Түркістанға Маңғыстау облысы әкімінің ыстық сәлемін жолдап, бұл сапар ежелгі адамзат өркениетінің озық жетістігі — Ұлы Жібек жолының сан тарамдары кесіп өткен қос өңірдің сауда-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани байланысының жаңа бір деңгейге шығатынын айтты.
-Күллі түркі дүниесі руханиятының темір қазық, ақ ордасы — киелі Түркістанға үш жүз алпыс әулиелі-әнбиелі Маңғыстаудан, еліміздің бірден-бір теңіз қақпасы, қарт Каспийден ыстық сәлем алып келдік. Маңғыстау күндерін өткізудің басты мақсат-мұраты — бағзы бабадан бүгінге жеткен осы рухани-мәдени құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау, өскелең өрендердің жадында жаңғырту арқылы ұлтжандылық, отаншылдық сана-сезімді ояту деуге болады. Маңғыстау өлкесі ұлттық өнер түрлерін бәз-баяғы қалпында сақтап, жарастырып тең ұстаған халық таланттарынан кенде емес. Сондықтан екі күн бойы Түркістан халқы үшін аңыз өріп, жұмбақ жайлаған қасиетті мекеннің мәдени жауһарларымен, бірегей өнер туындыларымен етене танысудың және рухани кездесулерге қатысудың сәті түсіп отыр. Мәдени жетістіктер – қоғамның рухани дамуының бет-бейнесі екендігін ескерсек, өңіраралық мәдени-рухани байланысты бекіте түсуге, сөйтіп бірлігімізді баянды етуге, рухымызды асқақтатуға, біртұтас мызғымас елдігімізді нығайтуға ерекше мән беруге тиіспіз. Ұлы Түркі қағанатының, Көктүріктердің қара шаңырағы — Ұлы Даланың, бүкіл түркі әлемінің алтын бесігі — Түркістан шаһарындағы Маңғыстау күндеріне қош келдіңіздер! Маңғыстаудан мың сәлем, түркі төрі!,-деді Ұлықбек Тналиев.
Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан мен Маңғыстау жұртшылығын мәдени шараның ашылуымен құттықтады.
-Түркі халқының рухани бойтұмарына айналған — Түркістанға қош келдіңіздер! Түркі халықтарының рухани ордасы, қазақ хандығының астанасы — соңғы төрт жылда дамудың жаңа кезеңіне бет алды. Оң өзгерістердің нәтижесінде қала — облыс орталығы ғана емес, түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы ретінде дамып келе жатыр. Бүгін тарихы терең өлке — Маңғыстаудан бір топ өкіл келді. Бұл — екі өңірдің рухани үндестігінің жаңғырып, жан-жақты байланысының нығаюының айқын көрінісі деп білемін, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Шарада Түркі әлеміне танымал дизайнер Тәрбия Айдынбаеваның «Мифтік кейіпкерлерінің» көрсетілімі қойылды. Одан кейін «Серікбол Қондыбай және түркі мифологиясының зерттелуі» атты III Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Онда дүниежүзінің 20 астам ғалымдары мен Серікболтанушылар қатысты.
Бұдан бөлек, Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі және Маңғыстау облыстық мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы көрмесінің таныстырылымы өтті.
Сонымен қатар Түркістан Конгресс холлында өткен гала концертте Маңғыстаудан жеткен өнер керуені жыр мен әннен шашу шашып, мерекелік шараның берекесін келтірді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ө.ШӨКЕЕВКЕ СУРЕТІН СЫЙЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.