Ө.ШӨКЕЕВКЕ СУРЕТІН СЫЙЛАДЫ — Төрттаған
Пятница, 4 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ө.ШӨКЕЕВКЕ СУРЕТІН СЫЙЛАДЫ

Отырар ауданы тұрғындарымен кездесуге келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке ауыл тұрғыны балалық шағында ата - анасымен бірге түскен суретін сыйлады. Ол осылайша әке аманатын орындағанын айтты.

17.06.2022
Жаңалықтар
0
Ө.ШӨКЕЕВКЕ СУРЕТІН СЫЙЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Отырар ауданы тұрғындарымен кездесуге келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке ауыл тұрғыны балалық шағында ата — анасымен бірге түскен суретін сыйлады. Ол осылайша әке аманатын орындағанын айтты.
Жаңа форматта, ашық аспан астында өткен кездесу кезінде аудан тұрғындары өңір басшысымен тілдесіп, сауалдарын қойды. Отырардың өзекті мәселелерін жақсы білетінін айтқан облыс әкімі тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.
— Бүгін өздеріңізбен жүздесіп, аудандағы көкейкесті мәселелерді бірге талқылап, оның шешу жолдарын қарастыру үшін кездесуге келіп отырмын. Заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономиканы құру және дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Шағын бизнестен көп үміт күтеміз. Облысымыздың халқы өте еңбекқор. Соның нәтижесінде шағын кәсіпкерлік бойынша көш басында келеміз. Өңірімізде жеке кәсіпкерлерді қолдауға күш салынады. Әрине бизнес бастау оңай шаруа емес. Креативті экономика деген бар. Жоқ жерден, ойламаған жерден кәсіп түрлері ашылып жатыр. Өңірде шағын кәсіпкерлер саны артып келеді. Осы бағыттан таймауымыз керек, — деді облыс әкімі.
Сонымен бірге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Түркістан-Отырар жолының құрылысы келесі жылы аяқталып, ауданда ардагерлерге арналған орталық ашылады.
Отырар ауданында шағын бизнес субъектілері саны артқан. Бизнес бастаудың қыр-сырымен бөліскен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік бағдарлама арқылы қаражат алып, кәсіп ашқан отырарлықтармен кездесті. Олар қымыз, көкөніс, көрпе — төсек, қыш құмыра, темір, тігін шеберханасы, керамика өнімдерін жасау, бөдене шаруашылығын дамытуды қолға алған. Облыс әкімі жаңа кәсіп ашқан азаматтардың ұсыныс — тілектерін тыңдап, істеріне сәттілік тіледі.
Отырар ауданы, Қоғам ауылына газ келді. Ұзындығы 25 шақырымнан асатын газ құбыры арқылы 2 мыңға жуық халық табиғи газбен қамтылатын болды. Сондай-ақ 29 тұрмыстық- коммуналдық нысандар толығымен газдандырылды.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Отырар ауданына іссапарында аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты.
2018 жылы Отырар ауданындағы елді мекендерді газдандыру бойынша жоспарлы жұмыстар басталып, бүгінгі таңда 7 елдімекен тұрғындары табиғи газбен қамтылды. Бүгінде 20-дан астам елді мекенде газ тарату жүйесі жүріп жатыр. Қарқынды жұмыстар нәтижесінде Отырар ауданының 70
пайызы газбен қамтылатын болады.
Отырар ауданында 55 мыңға жуық халық тұрады. Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 млрд. теңгеге жеткен.
Инвестиция көлемі 17 млрд. теңгені құрап, 154%-ға артқан. Егіс көлемі 35 мың гектарға жеткен. 200 га жуық жерден бірінші өнім жинау күтілуде. 17 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылды жерлерге газ беріліп, Балтакөл елді мекенінде мәдениет үйі салынды. Маяқұм елді мекеніндегі мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп,
Отырар елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілді. Биыл да жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АУДАН КӨЛЕМІНДЕ «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.