Түркістан қаласында жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған дін саласындағы әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізуге арналған семинар-тренинг басталды. Шара 17 маусымға дейін жалғасады. Семинар «Конфессияаралық және өркениетаралық келісімді нығайту бойынша Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.
Семинардың басты мақсаты – өңірлерді дін саласындағы әлеуметтанушылық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізудің сапасын арттыру. Тренингке Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан Дін істері басқармаларының және оларға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының мамандары қатысуда. Семинар жұмысында Нұр-Сұлтан қаласынан әлеуметтану саласының білікті эксперттері дәріс өткізуде. Олар «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану магистрі Ашкенова Гүлден, сол институттың әлеуметану магистрі Мажитова Айнұр және «Маркет ПРО Консалт» ЖШС директоры, «PaperLab» ҚҚ зерттеушісі Оразбекова Салтанат.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі