ТҮРКІСТАН: ҚР РӘМІЗДЕРІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ — Төрттаған
Понедельник, 10 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚР РӘМІЗДЕРІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Түркістанда Қазақстанның өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі – мемлекеттік нышандарды ұлықтаған салтанатты шара өтті. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жиында Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік нышаны — мемлекеттік рәміздер» шығармашылық байқауы қорытындыланды. Аталған байқауға 22 қатысушы құжаттарын тапсырды. Байқау үш бөлімнен тұрады. Әділқазылар алқасының шешімімен «Рәміздер – мемлекет дамуының ажырамас бөлігі» мақалалар номинациясы бойынша 1 орынды Сабырбек Олжабай иеленді. 2-орынды Үмітбек Бағдатұлы, 3- орынды Әбдісаттар Әліп алды. Ынталандыру сыйлығын Сағыныш Асанова, Серік Гүлжан, Қуандық Балдырған иеленді.

02.06.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚР РӘМІЗДЕРІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет

4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Түркістанда Қазақстанның өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі – мемлекеттік нышандарды ұлықтаған салтанатты шара өтті. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жиында Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік нышаны — мемлекеттік рәміздер» шығармашылық байқауы қорытындыланды.
Аталған байқауға 22 қатысушы құжаттарын тапсырды. Байқау үш бөлімнен тұрады. Әділқазылар алқасының шешімімен «Рәміздер – мемлекет дамуының ажырамас бөлігі» мақалалар номинациясы бойынша 1 орынды Сабырбек Олжабай иеленді. 2-орынды Үмітбек Бағдатұлы, 3- орынды Әбдісаттар Әліп алды. Ынталандыру сыйлығын Сағыныш Асанова, Серік Гүлжан, Қуандық Балдырған иеленді.
Ал «Тәуелсіздік символы — рәміздер» тақырыбында бейнеролик әзірлеу бойынша 1-орынды ақын Дәурен Айманбет еншілесе, Дархан Балғынбек пен Әлия Ибрагимова екінші-үшінші орындарды жеңіп алды. Ынталандыру сыйлығына Мариям Абдуллаева, Ердәулет Сағындық, Фариза Табылдиева ие болды. Аталған байқауға 22 қатысушы құжат тапсырған болатын.
Сәкен Қалқаманов байқау жеңімпаздарын марапаттап, мемлекеттік рәміздердің ел үшін маңыздылығын атап өтті.
— Рәміздер тарихы алғашқы қоғамда тотемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен сабақтасады.
Мемлекеттік рәміздер — мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы. Біз осы қазақ халқының қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілерді қастерлеуіміз керек. Тәуелсіздігіміз баянды болсын, — деді ол.
Атап өтейік, мамыр айының соңында ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Созақ ауданындағы Арпаөзен бойындағы таңбалы тастарға тарихшы ғалымдар мен археологтардан құралған экспедиция шыққан болатын. Экспедиция сапарының қорытындысымен Рәміздер алаңында Арпаөзен петроглифтерінің суреттерінен фотокөрме де өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚҚА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ТҮЛЕКТЕР МЕН ДЕПУТАТТАР МЕКТЕПКЕ 40 ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

07.08.2026
8
Жаңалықтар

Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет

07.08.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

07.08.2026
10
Жаңалықтар

Пенсионные накопления под вашим контролем: расширяются инвестиционные возможности вкладчиков ЕНПФ

07.08.2026
10
Жаңалықтар

БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

07.08.2026
11
Жаңалықтар

Более 98% услуг, оказанных ЕНПФ населению с начала года, проведено в цифровом формате

07.08.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.