ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАДЫ — Төрттаған
Четверг, 16 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАДЫ

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

30.05.2022
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАДЫ

READ ALSO

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар бөлімінің маманы Мадина Камеденова ашып, жүргізіп отырды.
Алқалы басқосуға облыстық ҚХА жанындағы қалалық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.
Келелі жиында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы тұжырымдамасының 4 бағытына тоқталды. Яғни, 1-бағыт (Еліне азамат тәрбиелеген отбасы), 2-бағыт (Бақытты ана – бақытты отбасы), 3-бағыт (Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы), 4-бағыт (Жақсылыққа жетелейтін жандар) бойынша іске асып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, аталған жобаны жүзеге асыру бойынша Жол картасы және 5 маусымда өтетін референдумының мән-маңызы туралы айтты.
– Конституциялық реформа – «Жаңа Қазақстанды» құрудың нақты көрінісі. Референдум – Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған реформаларды халықтың таңдауымен жүзеге асыру. Ата заңымызды түзету арқылы барлық салада біраз өзгеріс болатынына сенім мол. Оған референдум арқылы халықтың үн қосуы маңызды деп санаймын, — деді Э. Ұласбекқызы.
Отырыста «Мемлекет жүргізген гендерлік саясат: жетістіктер мен жоспарлар» тақырыбында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Г.Тоққұлова, «Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы» тақырыбында Кентау қалалық Аналар кеңесінің төрайымы М.Кривенцова мазмұнды баяндама жасады.
Сондай-ақ жиын барысында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымын сайлау мәселесі талқыға салынды. Осы орайда, Аналар кеңесі мүшелері бірауыздан бұған дейін Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары болып қызмет атқарған Гүлсара Тоққұлованы төрайым етіп сайлады. Бұрынғы төрайым Дүйсенкүл Жамболованың ерен еңбегі үшін ол кісіге «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э. Жанғазиева алғыс білдірді.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының референдумды өткізу шешімі бойынша өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Кеңес мүшелері мен жиналған түркістандық аналар референдумды қолдайтынын айтты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «CITY BIKE» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» АҚЦИЯСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

06.07.2026
4
Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

06.07.2026
4
День, когда город наполнили звуки домбры
Мәдениет

День, когда город наполнили звуки домбры

06.07.2026
4
Домбыра үні тербеген күн
Мәдениет

Домбыра үні тербеген күн

06.07.2026
4
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

Домбра, объединяющая поколения

05.07.2026
3
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА

05.07.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.