Мамыр айының 16-31 күндері аралығында аудандық орталық ауруханаға тиесілі жылжымалы диагностикалық медициналық автобус Қарақұм ауылдық округ тұрғындарына медициналық тексеру жүргізеді.
Жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) пациенттерге толық медициналық тексеру жүргізу үшін қажетті барлық заманауи цифрлық зерттеу құрылғыларымен жабдықталған 8 мамандандырылған кабинеттен тұрады.
Атап айтқанда: Жалпы қабылдау аймағы; жалпы тәжірибелі дәрігер; анализдер қабылдау және глюкометр, гематологиялық анализатор жүргізу аймағы, дәріханалық пункт, акушер-гинеколог кабинеті, функционалды диагностика кабинеті ЭКГ, УДЗ және ренгенологиялық зерттеулер жүргізетін арнайы қорғасын сәулелі диагностика бөлмесі бар, онда басқаларға қауіпсіз рентген және флюорография жасауға болады.
ЖМК қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы лифт-пандуспен жабдықталған.
Сондай-ақ, жарық сөніп қалған жағдайды генератор арқылы жұмыс жасауға болады.
ЖМК пациенттерді профилактикалық тексерістерден өткізіп жатқан білікті жоғарғы санатты дәрігерлер: хирург, терапевт, окулист, гинеколог, рентгенолог, лаборант, удз дәрігерлері қабылдау жүргізеді.