ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ МОЛ» — Төрттаған
Четверг, 23 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ МОЛ»

Түркістан қаласына «Ирина Кайратовна» тобының әншілері мен продюсері келіп, жергілікті жастармен кездесті. Олардың сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық ізденістері, алдағы жоспарлары туралы баяндады. Жастардың жарқын жүздесуіне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келіп, олармен пікір алмасты. – Қазір бізде халықпен кездесулер өтіп жатыр. Әлеуметтік желіден жастардың сұхбатын көріп, жедел жетіп, сіздермен жүздесуді ұйғардым. Қазір тарихи Түркістан жаңару, даму кезеңін бастан өткеруде. Мәдени-рухани, әлеуметтік нысандар салынды, ғимараттар бой көтерді. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы салынып, ескі бөлігі де жаңғыруда. Солардың бірі – осы «Farab» кітапханасын жобалағанда көп ойландық. Ақылдаса келе Финляндияда бой көтерген заманауи кітапханасының тұжырымдамасына тоқталдық. Кітапхананы жан-жақты жетілдіріп, Fablab жүйесі де іске қосылды. Бұл – халықтың үй мен жұмыс арасындағы үшінші орыны болуы тиіс. Әсіресе жастар үшін мұнда бар жағдай жасалған, – деген облыс әкімі Түркістанды дамытуда жастардың рөлі жоғары екеніне тоқталды. – Ғимараттардың құрылысын салу бір бөлек, ал сол ғимараттарға мән-мазмұн беру аса маңызды іс. Осы жағы алаңдататын. Бірақ қысқа уақытта мәдени-рухани ғимараттарымыз жастарға, руханиятқа жақын жандарға толып, жұмысы жүріп кетті. Түркістанда екі құндылық бар. Біріншісі – Қожа Ахмет Ясауи, екіншісі – орта ғасырдан біздің дәуірге жеткен ғажайып кесене. Біз Ясауи мұрасына әлі тереңдей алмай жүрміз. Ол – түркі руханияты мен әдебиетінің көшбасшыларының бірі, ұлы ғұлама. Абай, Шәкәрім сынды ұлы ақындарымыздың шығармаларында Ясауи поэзиясының иірімдері бар. Бүгін қалаға концерт беру үшін арнайы келген өнерлі жастармен кездескеніме қуаныштымын. Жалпы, біздің буын жастарды ештеңеге қызықпайды деп ойлайды. Бірақ қазіргі жастар өте талантты әрі біз білмейтін жаңа бастамалар мен бағыттарды ұсынып жүр. Түркістанды дамытуға қосар үлестеріңіз мол. Оған қолдау жасалады, – деді облыс әкімі. Кездесуде жастар тарапынан спикерлерге сұрақтар қойылып, жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсті. «Ирина Кайратовна» тобының жанкүйерлері ұжымға шығармашылық табыс тілесе, әншілер Түркістан жастарының ықыласына ризашылықтарын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

31.03.2022
Жаңалықтар
0

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Мемлекеттік хатшы Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСАМЫН ДЕГЕН АЗАМАТТАРҒА БАРЫНША ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУІ ҚАЖЕТ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
363
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.