ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ — Төрттаған
Суббота, 21 ноября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ

13.11.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ

Елімізде жасанды балық өсіруден Түркістан облысы көш бастап тұр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, Киелітас ауылдық округіне қарасты Достық ауылында орналасқан «Fish House» ЖШС-нің балық өсіру жұмысымен танысты. Өңір басшысы балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар бөлініп отырғанын айтып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Шаруа қожалықтың иесі жеке қаржысы есебінен 600 млн теңге инвестиция салып, форель, сазан, белый амур, бекіре балықтарын өсіруді қолға алған. Кәсіпорын 2024 жылдың күзінде құрылып, 2025 жылдың шілде айында іске қосылды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАС МАЛҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Шаруашылықтың негізгі қызметі – балықты уылдырықтан бастап тауарлық өнімге дейін өсіру. Өндірістік қуаты жылына 300 тоннаға дейін балық өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы жылы қызметкерлер санын 30 адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бүгінде балық шабақтары Өзбекстан Республикасынан, ал форель уылдырығы Польша және Дания мемлекеттерінен жеткізіледі. Балық азығына қажетті жем өнімдері Польшадағы «Aller» фирмасынан, Қырғызстан Республикасындағы «Салих Аква» компаниясынан және Алматы қаласындағы «Аква Альянс» мекемесінен арнайы тапсырыс арқылы алынады.

Қазіргі таңда шаруашылықтағы балық қоры 230 тоннаны құрайды. Оның ішінде 150 тонна сазан, 40 тонна форель, 30 тонна бекіре және 10 тонна ақ амур бар.

Алдағы уақытта еркін экономикалық аймақ аумағында отандық балық жемін өндіретін зауытты іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар форель уылдырығын жергілікті жерде өндіруді жолға қою арқылы шабақ өсіруден бастап дайын тауарлық балық өндіруге дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыру көзделіп отыр.

2025 жылы кәсіпорын балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері үшін «Ең үздік балық өндіруші» дипломымен марапатталған.

Айта кетсек, облыс бойынша 2030 жылға дейін тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу көзделген. Ал биылғы жоспар 9 123 тонна болса, қазіргі таңда оның 3106 тоннасы орындалды.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕУРОПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕМІС САҚТАЙТЫН ҚОЙМА МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ЖАҢАРТЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

20.11.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАС МАЛҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАС МАЛҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

18.11.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ТОННА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ТОННА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18.11.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕУРОПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕМІС САҚТАЙТЫН ҚОЙМА МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕУРОПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖЕМІС САҚТАЙТЫН ҚОЙМА МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНАДЫ

16.11.2026
3
Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
Жаңалықтар

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

29.10.2026
18
КЕДЕРГІСІЗ ОРТА — МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ
Жаңалықтар

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА — МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

29.10.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
336
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
298
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
233

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.