«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ — Төрттаған
Четверг, 2 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

22.06.2026
Жаңалықтар
0
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысты. Жиында «Түркістан облысының мектептеріне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» қайырымдылық жобасы қаралып, бастама кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бану Нұрғазиева мен қордың басқарма төрағасы Ләззат Чинкисбаева аталған бастаманың маңызына тоқталып, оны сапалы жүзеге асыру керектігін айтты.

Өңір басшысы бұл жобаның Түркістан облысы үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.

READ ALSO

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

САРЫАҒАШ: АҚЖАР, ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АУЫЗ СҮ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

– Ең алдымен, бүгінгі басқосуға шақырғандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған әрбір жобасының орны ерекше. Бұл Қор алғашқы күннен бастап еліміздегі шынайы қамқорлықтың, жанашырлық пен мызғымас бірліктің символы болып қалыптасты. «Қазақстан халқына» қоры Түркістан облысының халқына нақты қолдау көрсетіп келеді. Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары, балалар саны ең көп стратегиялық аймақ. 2022 жылдан бері өңірімізде жалпы сомасы 12 млрд теңгеден астам қаражатқа қайырымдылық жобалары жүзеге асырылды. Оның ішінде білім беру саласына – 5,3 млрд теңге, денсаулық сақтауға – 5,2 млрд теңге, әлеуметтік қорғауға – 547 млн теңге, спорт және мәдениет салаларына 994 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Білім беру бағытында 5 ірі жоба сәтті іске асырылды. Атап айтқанда, ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтау, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының білім гранттары жүзеге асырылды. Біз қордың қолдауын өте жоғары бағалаймыз. Себебі бұл – мыңдаған түркістандық бүлдіршіннің дамуына және сапалы білім алуына тікелей септігін тигізетін нақты инвестиция. Бүгін қаралып отырған «Түркістан облысының мектептеріне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» жобасының біз үшін маңызы өте жоғары. Себебі облысымыздағы 1106 мектептің 82 пайызы, яғни 906 мектебі ауылдық жерде орналасқан. Халықаралық PISA зерттеулерінің қорытындысы ауыл мен қала мектептері арасында, әсіресе жаратылыстану-математикалық бағытта айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетіп отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, осы олқылықтың орнын толтыру үшін қор тарапынан облыстың 100 ауылдық мектебін заманауи физика, химия және биология кабинеттерімен жабдықтауға 5,1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қордан бөлінген әрбір теңгенің тиімді жұмсалуы және ауыл мектептеріндегі білім сапасы әкімдіктің бақылауында болады. Бұл жоба – Түркістан облысының болашағы үшін аса маңызды бастама. Сіздердің оң шешімдеріңіз өңіріміздің білім саласына жаңа серпін беріп, мыңдаған балаға сапалы білім алуға жол ашатын болады, – деді Нұралхан Көшеров.

Жиында аталған бастаманың ауылдық мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білім сапасын арттыруға және оқушылардың жаратылыстану пәндерін терең меңгеруіне мүмкіндік беретіні айтылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері жобаны қолдап, оның өңірдегі білім беру жүйесін дамытуға және ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтуға оң ықпал етеріне сенім білдірді.

Түркістан облысының әкімдігі де жобаның сәтті жүзеге асуына қолдауды бастап кетті. Облыс бюджетінен 100 мектептің жөндеу жұмыстарына және 4600 педагог пен мектеп басшыларын оқытуға тиісті қаржы бөлінді. «Білім-Инновация» халықаралық қорымен бірлесе отырып, үш жыл бойы мұғалімдерге менторлық қолдау көрсетіледі.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛУҒА БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

Оқи отырыңызМақалалар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

02.07.2026
2
САРЫАҒАШ: АҚЖАР, ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АУЫЗ СҮ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: АҚЖАР, ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АУЫЗ СҮ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

02.07.2026
2
ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 72 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ
Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 72 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ

02.07.2026
2
ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

02.07.2026
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГҮЛ ОРТАЛЫҒЫ МЕН КЕШЕНІН САЛУ БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГҮЛ ОРТАЛЫҒЫ МЕН КЕШЕНІН САЛУ БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026
2
КЕЛЕСТІК КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Жаңалықтар

КЕЛЕСТІК КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

02.07.2026
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.