ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР — Төрттаған
Воскресенье, 28 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР

15.06.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Саладағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте талқыланды.

Өңірде бүгінде 200 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада үшінші орында тұр. Сонымен қатар сауда саласындағы нақты көлем индексі 119,7 пайызға жетіп, өңір еліміз бойынша үздік үштікке енді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Облыста кәсіпкерлік жобаларды сүйемелдеу, қаржылай қолдау және өндірістік алаңдар арқылы жаңа өндірістер ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету мекемесі арқылы жалпы құны 58,5 млрд теңгені құрайтын 377 бизнес-жоба сүйемелденіп жатыр. Аталған жобалар толық іске асқанда 3082 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жыл басынан бері осы жобалардың 78-і іске қосылып, экономикаға 9,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 275 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Іске қосылған жобалардың қатарында сабын және пластик ыдыс өндірісі, балық өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін шығару, жиһаз өндірісі, мақта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру және медицина саласындағы жобалар бар.

Кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды тетігі саналатын қаржыландыру бағытында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Биыл «Өрлеу» және «Іскер аймақ» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлерге 85 млрд теңге көлемінде несие беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін «Өрлеу» бағдарламасы аясында 64 жобаға 18,6 млрд теңге қаржы берілді. Ал «Іскер аймақ» бағдарламасы арқылы 6 жобаға 448,5 млн теңге көлемінде несие рәсімделді.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 140 жобаға сүйемелдеу жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін 69 жобаға 606,4 млн теңге қаржы қарастырылған. Бағдарлама аясында қымыз өндіру, аяқ киім тігу, балық өңдеу, табиғи шырын шығару, ет және мақта өнімдерін өңдеу бағытындағы жобалар іске қосылды.

Өңірде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде облыс аумағында 29 шағын өндірістік алаң құрылған. Бұл аумақтарда 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталып, оның 141-і пайдалануға берілді. Жалпы құны 226,9 млрд теңгені құрайтын 269 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 78 жоба іске қосылып үлгерді.

Өндірістік парктерде жиһаз өндірісі, құрылыс материалдарын шығару, жеңіл өнеркәсіп, химия және тамақ өнеркәсібі бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін ақылды есептегіш құралдар, күн панельдерінің бөлшектері, пластикалық құбырлар, тұрмыстық химия өнімдері және құрылыс материалдарын өндіретін бірқатар ірі жобалар іске қосылады.

Мәжілісте облыс әкімі Нұралхан Көшеров кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарын күшейтіп, өндірістік жобаларды уақтылы іске асыруды, инвестиция тарту қарқынын арттыруды және жергілікті өнім өндірушілердің үлесін көбейтуді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ЖОБАСЫНЫҢ 4 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ЖОБАСЫНЫҢ 4 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАҒАЗ, МАҚТА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАҒАЗ, МАҚТА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

17.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

16.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16.06.2026
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.