ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 28 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

15.06.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

Биыл Түркістан облысында инвестицияларды тарту индикаторы 1 трлн 783,9 млрд теңге көлемінде бекітілген. Осы жылдың 5 айының қорытындысымен 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 150,5 %-ды құрады. Ал 2025 жылдың қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд 998,2 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 4 есе жоғары орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде 1 орында. 2026 жылға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жоспары 499 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға инвесторларды тарту және сүйемелдеу жұмыстарын сапалы ұйымдастырып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Әрбір жобаны тұрақты бақылауында ұстайтынын жеткізді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрлыбек Исаев ірі инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Облыс көлемінде жүзеге асыру жоспарланған инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында инвестициялық жобалар пулы қайта қаралып, өзектендіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2026-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 2,8 трлн теңгеге 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар арқылы 17 820 жұмыс орнын құру көзделуде. Оның ішінде, шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 608,9 млрд теңгеге 30 инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобалар толық іске қосылғанда 7 799 жұмыс орны құрылмақ.

Биыл 369,4 млрд теңгеге 67 инвестициялық жоба іріктелген. 5 айдың қорытындысымен жалпы құны 42,4 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба іске қосылды. Нәтижесінде 407 жұмыс орны ашылды.

Одан бөлек, бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында, Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін, аффинаж зауыттарының құрылысы мен уран өңдеу кешенінің ІІ кезеңі іске асырылуда. Ал «Южная» өнеркәсіптік алаңы жобасы іске қосылды. Түркістанда тоқыма фабрикасының, бояу-әрлеу фабрикасының, үйге арналған текстиль бұйымдары фабрикасының құрылысы қарқын алды. Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауыты салынуда. Одан бөлек, 16 роторлы (айналмалы) иіру желісімен жабдықталған тоқыма зауыты, Мақтаарал ауданында мақта және өсімдік майын өңдеу зауыты, Ордабасы ауданында ірі қара мал сүйегінен май және желатин компоненттерін өңдейтін зауыт бой көтеруде. Сайрам ауданында ет комбинаты мен 10 000 басқа арналған бордақылау алаңының, арнайы техника құрастару зауытының, сүт өнімдерін өндіретін зауыттың және Аустралия әдісімен мал базарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сауранда сүт өнімдерін өндіретін зауыт, ет комбинаты, құрама жем шығару, тері өңдеу цехтары және бордақылау алаңы, Арыста 50 мың басқа арналған ІҚМ бордақылау кешені, Бәйдібек ауданында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы мен құрамажем өндіру зауыты салынып жатыр.

Жиын барысында өңірде жаңадан іске асырылатын инвестициялық жобалар зерделеніп, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ЖОБАСЫНЫҢ 4 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ЖОБАСЫНЫҢ 4 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАҒАЗ, МАҚТА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАҒАЗ, МАҚТА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

17.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

16.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16.06.2026
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.