НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ — Төрттаған
Пятница, 28 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

09.06.2026
Жаңалықтар
0
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысының инвестициялық көкжиегі кеңеюде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытай сапары аясында халықаралық жетекші өнеркәсіптік және энергетикалық компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, өңір экономикасының жаңа даму мүмкіндіктерін талқылады.

Алдымен Kibing Group компаниясының басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Компания құрылыс саласына арналған флоат және энергия үнемдейтін шыны өнімдерін, электрондық құрылғыларға арналған арнайы шыныларды, күн энергетикасында қолданылатын фотоэлектрлік шыныларды, сондай-ақ фармацевтикалық салаға қажетті жоғары сапалы шыны өнімдерін өндірумен айналысады.

READ ALSO

23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА САЯСИ ЖҮЙЕДЕГІ ХАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Тараптар Түркістан облысында флоат-шыны өндіретін және кварц құмын өңдейтін ірі өндірістік кешен салу жобасын талқылады.

Облыс әкімі инвесторлармен бұған дейін де кездесулер өткізіп, жобаны жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қаралған еді. Бұл жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, құрылыс материалдары өндірісін дамытуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады. Сонымен қатар жаңа өндіріс орны жүздеген тұрақты жұмыс орындарын құрып, жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етпек.

– Аталған жоба Түркістан облысының ғана емес, тұтас еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жоғары қосылған құны бар өнімдер өндірісін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға елеулі үлес қосады. Түркістан облысы кварц құмы қоры бойынша Қазақстандағы әлеуеті зор өңірлердің бірі саналады. Сондықтан шыны өнеркәсібін дамытуға барлық мүмкіндік бар. Бүгінде елімізде шыны өнімдеріне деген сұраныс артып келеді. Түркістан облысы қолайлы инвестициялық ахуалға, қажетті инженерлік инфрақұрылымға және білікті еңбек ресурстарына ие. Облыс әкімдігі жобаны іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Сіздермен ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестік орнатып, аталған жобаны бірлесіп жүзеге асырамыз деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.

Инвестор Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен қолайлы бизнес ахуалын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ облыс басшылығы Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірі – China Energy компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қуаттылығы 1500 мегаватт болатын ауқымды жел электр станциясын салу жобасы жан-жақты талқыланды. Бұл бастама Түркістан облысының жаңартылатын энергия көздерін дамыту стратегиясымен толық үндеседі. Жоба іске асқан жағдайда өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі нығайып, экологиялық таза электр энергиясын өндіру көлемі айтарлықтай артады. Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және инвестициялық белсенділікті күшейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «жасыл» экономиканы дамытуға және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға ерекше мән беріп келеді. Осыған сәйкес, Түркістан облысында баламалы энергетика саласын дамыту – стратегиялық басымдықтардың бірі.

Өңірдің қолайлы табиғи-климаттық ерекшеліктері, оның ішінде жел және күн энергетикасы ресурстарының жоғары әлеуеті жаңартылатын энергия көздері жобаларын табысты іске асыруға кең мүмкіндік береді.

Халықаралық компаниялармен өткен бұл кездесулер Түркістан облысының инвестициялық саясатындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Өңір басшылығы өндіріс, жоғары технологиялар және жасыл энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуді мақсат етеді.

Кездесулер барысында облыс әкімі алпауыт компания басшыларына Түркістан өңірінің экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстырып, шетелдік инвесторларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Қытайлық кәсіпкерлер өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалына қызығушылық білдіріп, өндіріс, өнеркәсіп және басқа да салаларда ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға ниетті екендерін жеткізді.

Нұралхан Оралбайұлы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы өңірлер арасындағы іскерлік қарым-қатынастың дамуына оң әсер ететінін айтты.

Ірі инвесторлармен жүргізілген келіссөздер Түркістан облысының өндірістік қуатын күшейтіп, оны еліміздің индустриялық және энергетикалық дамуындағы маңызды орталықтардың біріне айналдыруға берік негіз қалайды деп күтіліп отыр.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Жаңалықтар

23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

20.08.2026
7
ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА САЯСИ ЖҮЙЕДЕГІ ХАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА САЯСИ ЖҮЙЕДЕГІ ХАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

20.08.2026
5
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Жаңалықтар

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

12.08.2026
7
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Жаңалықтар

Демографический портрет Казахстана по итогам 2025 года и прогнозы на будущее

12.08.2026
6
Жаңалықтар

Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

10.08.2026
7
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Как защищают пенсионные накопления в разных странах

10.08.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
222

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.