ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН — Төрттаған
Четверг, 23 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

04.06.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен аудан-қалалардың бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының орындалу барысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиында өңірдің сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті мәселелер қаралып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Облыс аумақтарын кешенді дамыту мақсатында 2023-2024 жылдары «Түркістан облысының аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасы» әзірленген. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінде Түркістан облысында 801 елді мекеннің 794-і бас жоспармен қамтылған. Қалған 7 елді мекеннің бас жоспарлары бекітілген жол картасына сәйкес әзірлену үстінде.

Жиында Түркістан қаласының жаңадан бекітілген Бас жоспарының негізгі бағыттары таныстырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен бекітілген құжатқа сәйкес, қала аумағы 22,3 мың гектарды құрайды. 2044 жылға қарай Түркістан халқының саны 400 мың адамға дейін өседі деп болжанған. Сонымен қатар тұрғын үй қоры ұлғайтылып, көпқабатты тұрғын үйлер салынатын аумақ кеңейтіледі. Туристер санын жылына 5 миллион адамға жеткізу, өндірістік аймақ көлемін арттыру және өңір экономикасын 500 млрд теңгеге дейін өсіру жоспарланған.

Облыста 2025-2029 жылдарға арналған жол картасы аясында 387 елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу және түзету көзделген. Оның ішінде 2025 жылы 106, 2026 жылы 81, 2027 жылы 76, 2028 жылы 65 және 2029 жылы 59 елді мекеннің бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі.

Жиында облыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының орындалу жағдайы қаралды. Қазіргі таңда 7 қала мен халқы 5 мыңнан асатын елді мекендер 58 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен қамтылған.

Жиын қорытындысында Нұралхан Көшеров аудан және қала әкімдеріне жол картасында белгіленген барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауды, бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын сапалы әзірлеуді және цифрландыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Тапсырмалардың орындалуына жауапкершілікпен қарауды ескертіп, жұмысты созбалаңға салған лауазымды тұлғаларға тиісті шаралар қолданылатынын жеткізді.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

04.07.2026
5
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

04.07.2026
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.07.2026
5
ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

03.07.2026
5
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

03.07.2026
5
КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

02.07.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.