ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ САММИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Четверг, 23 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ САММИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

20.05.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ САММИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістандағы жаңа этно-туристік кешенде келелі басқосу өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпкерлерімен, жастарымен және белсенді азаматтарымен кездесті.

Алқалы жиын барысында облыс басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті жоғары деңгейде өткеніне байланысты Ел Президентінің облыс халқына деген алғысын жеткізіп, өңірдің дамуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар саммит қорытындысына тоқталып, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері жөнінде баяндады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан – еліміздің агроөнеркәсіп саласындағы көшбасшы өңір. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құрады. Өңір мақта өсіру және өңдеу, сондай-ақ жеміс-жидек, бақша және ет өнімдерін экспорттау бойынша республикада бірінші орында. Облыстағы жылыжайлардың жалпы аумағы 1 007 га жетіп, республикалық үлестің 72 %-ын құрап отыр. Сонымен қатар Түркістан облысы уран өндіру және өңдеу бойынша республикада ғана емес, әлемде бірінші орында.

Облыстағы пайдалы қазбалар мен шикізаттық әлеует өңірде іске қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуға және индустриялық кластер қалыптастыруға толық мүмкіндік береді. Шикізатты терең өңдеуді дамыту арқылы өңір кәсіпорындарының табыстылығын 3-5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік бар. Осы ретте, импортты алмастыру және шикізатты терең өңдеу мақсатында облыстың әрбір ауданы мен қаласының ерекшелігіне қарай арнайы 40 инвестициялық тизер әзірленіп, инвесторларға арналған дайын бизнес-кейстер қалыптастырылды. Инвесторларды қолдау және жобалардың жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, дайын өндірістік алаңдар бар.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтарда жалпы құны 976,4 млрд теңгеге (7 025 жұмыс орны), индустриялды аймақтарда 132,3 млрд теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар облыста шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 214 гектар аумаққа 25 шағын өндірістік алаң құрылды. Бұл бағытта жалпы сомасы 192 млрд теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылуда (5 218 жұмыс орны). Осы бастама өңірдің барлық аудандарында 258 өндірістік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Импортты алмастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жалпы құны 176 млрд теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде, жүгеріні терең өңдеу, түрлі-түсті сусындар, жіп иіру, ламинат, тоңазытқыш жабдықтары мен газ қазандықтарын өндіру, сондай-ақ бірреттік ыдыс-аяқ пен орау материалдарын (скотч) шығару, алюминий бұйымдарын өндіру жобалары іске қосылды. Бұдан бөлек, өңірде John Deere және Lovol ауыл шаруашылығы техникалары мен дрон өндірісі, бояу-әрлеу, тігін және джинс маталары өндірісі, күкірт қышқылы және карбамид өндірісі, биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндірісі, ірі қара мал сүйегінен май мен пептон компоненттерін өндіретін импортты алмастыруға бағытталған 280 млрд теңгені құрайтын 39 жоба жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін көрсетіп жатыр.

2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңгеге инвестиция тартылып, өсім 121,6%-ды құрады. Өткен жылы жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл да осы қарқынды сақтап, облысқа 1,7 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Бұл көрсеткішке жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру есебінен қол жеткізіледі. Атқарылған жұмыстар өңірдің макроэкономикалық даму динамикасына тікелей оң әсерін тигізді.

Осы жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі 125,2%-ды құрап, республикада бірінші орынға шықты. Өңірдің даму әлеуетін ескере отырып, 2026-2029 жылдарға жалпы құны 2,7 трлн теңгені құрайтын 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Нәтижесінде, 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, 100 млрд теңге салық түспек. Осы жоспарлаған жобаларды жүзеге асыру есебінен, алдағы 5 жылда жалпы өңірлік өнім көлемін 2,7 есеге арттыру, ал өзіндік кірістерді 2,3 есеге ұлғайтуды көзделіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың мақсаты – бәсекеге қабілетті, өндірісі дамыған, инвестиция тартуға қолайлы және халықтың әл-ауқаты тұрақты өсетін қуатты өңір қалыптастыру.

Мәжілісте өңірдің инвестициялық тартымдылығы, ауыл шаруашылығы мен өндіріс салаларын дамыту бағыттары жан-жақты талқыланды. Жиын барысында зиялы қауым өкілдері, ғалымдар және кәсіпкерлер саммит нәтижелеріне қатысты пікірлерін білдіріп, өңір экономикасының даму перспективалары жөнінде ой бөлісті.

Сондай-ақ қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын жеткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҢА ЗАУЫТТАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

04.07.2026
5
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

04.07.2026
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.07.2026
5
ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

03.07.2026
5
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

03.07.2026
5
КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

02.07.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.