Зейнетақы жинағыңызды пайдалану бойынша қызмет ұсынатын делдалдарға сену – аса қауіпті! — Төрттаған
Четверг, 23 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнетақы жинағыңызды пайдалану бойынша қызмет ұсынатын делдалдарға сену – аса қауіпті!

20.05.2026
Жаңалықтар
0
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Зейнетақы жинағыңызды пайдалану бойынша

қызмет ұсынатын делдалдарға сену – аса қауіпті!

 

Әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын кез келген азаматқа алып беруге делдалдық қызмет көрсетеміз деген ұсыныстар әлі де кеңінен таралуда. Мұндай қызметтер үшін алаяқтар алдын ала төлем жасауды талап етеді, оны олар көрсетілген қызметтің ақысы ретінде негізсіз сұрайды.

БЖЗҚ тағы да ескертеді: біржолғы зейнетақы төлемдері делдалсыз және комиссиясыз жүргізіледі.

Күмәнді схемаларға қатысуға келісу арқылы сіз тек қаражатыңыздан айырылып қана қоймайсыз, сонымен қатар жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне де қатер төндіресіз. Мұндай мәліметтер кейіннен өзге де алаяқтық әрекеттерде пайдаланылуы мүмкін.    

 

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларда ғана алуға болатынын ескертеміз. Ең алдымен, ол — зейнет жасы, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігінің белгіленуі, ҚР аумағынан тыс ТТЖ кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу мақсатына заңмен бекітілген талаптарды орындаған жағдайда, мына санаттағы азаматтар құқылы:

·         ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар салымшылар (ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын сома мөлшерінде);

·         зейнетақысы жоғалтқан табысының (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер – олар шотта қалған жинағының 50% дейін пайдалана алады;

·         еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинағының 100% дейін);

·         зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинағының 100% дейін).

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана мүмкін. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.

Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.

Барлық сауалдарыңызға жауап алып, өз зейнетақы жинағыңызды мақсатты пайдалану мен аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:

enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,

байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көпарналы тегін байланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,

БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да  тексере аласыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

 

 

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Доверять посредникам, предлагающим услуги в получении пенсионных накоплений — опасно!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2026 жылғы 28 сәуірде «БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат» тақырыбында «Ашық есік күні» өтті

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

04.07.2026
5
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

04.07.2026
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.07.2026
5
ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

03.07.2026
5
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

03.07.2026
5
КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

02.07.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.