АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады — Төрттаған
Вторник, 21 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады

21.04.2026
Жаңалықтар
0

2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.

 

READ ALSO

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге тиімді басқаруға болатын қаржы ресурсы. БЖЗҚ салымшыларының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 50%-ға дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалптастырылған жинақтарын 100%-ға дейін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бере отырып, оның  кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы қаражатын табыс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валюталарға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.

Бұл үдерістерді барынша түсінікті ету үшін жаңа инвестициялық портал іске қосылды. Портал салымшыларға инвестициялық қызмет туралы білімін арттырып,  зейнетақы жинақтарын басқару үшін саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

  • платформа қалай жұмыс істейді;
  • зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
  • инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
  • басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
  • өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
  • салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.

Қазақ және орыс тілдеріндегі бірыңғай цифрлық кеңістікте пайдаланушыларға инвестициялар тақырыбындағы базалық ұғымдар мен түсіндірмелер, инвестициялық портфельдерді сенімгерлікпен басқарушылар туралы түйінді ақпарат, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), қаржылық көрсеткіштер және салымшыларға сенімгерлік басқарушының және оның инвестициялық қызметінің портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қолжетімді.

 

Портал қолданушылары кірістерді, портфельдердің құрылымын және ИПБ мен ҚРҰБ басқару нәтижелерін қолжетімді форматта дербес салыстырып, көрсеткіштердің динамикасын қадағалап, осылайша зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін тереңірек түсіне алады. Мұндай құрал инвестициялау туралы құнды тәжірибе жинап, неғұрлым тиімді инвестициялық стратегияны таңдауға қатыса алатын және сәйкесінше зейнетақы жинақтарын басқаруға әсер ететін жас салымшылар үшін ерекше маңызды.

 

Іс-шара интерактивті форматта өтеді, қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке консультациялар ала алады. Бұл формат әлемнің кез келген нүктесінен қосылуға және сарапшылардан тікелей өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

 

Атап өткен жөн, «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылы Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 800 мыңға тарта адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 400 мыңдай өтініш өңделді.

Алдағы «Ашық есік күні» осы жұмыстың жалғасы болып табылады және оның қатысушыларына зейнетақы жинақтарын түсініп, оларды басқару үшін практикалық құралдарды ұсынады. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болады деп үміттенеміз.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 28 сәуір күні сағат 10-00 нан 16-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:

    1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);

    2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);

    3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

           1 сессия — https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m026aacc30bcb9484644deb879f0a83e5

сілтемесімен өту керек.

2 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m491ce104e8b991920bc054c4867d1656

сілтемесімен өту керек.

3 сессия— https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m533d1e48418ad8d2f0410f3f823492d4

сілтемесімен өту керек.     

        

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Отандастарымыздың зейнетақы шоттарында 26,87 трлн теңгеден астам қаражат жинақталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ «День открытых дверей»: ЕНПФ представляет новый инвестиционный портал

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды

21.04.2026
8
Жаңалықтар

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

21.04.2026
7
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат

21.04.2026
6
Жаңалықтар

ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу

21.04.2026
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

21.04.2026
8
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды

21.04.2026
8

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
392
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
287
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
217

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.