Қазақстанның зейнетақы жүйесі 2025 жылғы Mercer CFA жаһандық зейнетақы индексі рейтингінде өз позициясын нығайтты — Төрттаған
Вторник, 16 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның зейнетақы жүйесі 2025 жылғы Mercer CFA жаһандық зейнетақы индексі рейтингінде өз позициясын нығайтты

15.12.2025
Жаңалықтар
0

2025 жылы Mercer институты CFA институтымен бірлесіп, үлесіне әлем халқының 65%-ы тиесілі 52 елдің (салыстырмалы түрде, 2024 жылы – 48 ел) зейнетақы жүйелеріне бағалау жүргізді. Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) жыл сайынғы есебіне сәйкес, Қазақстанның зейнетақы жүйесі АҚШ, Испания, Италия, Австрия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және басқа елдерден озып, 26-шы орынға ие болды.

 

READ ALSO

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

Қазақстанның MCGPI индексіндегі қорытынды көрсеткіші 2024 жылғы 64,0 балдан 2025 жылы 65,0 балға дейін өсті, бұл Халықаралық Валюта Қоры жариялаған экономиканың өсімі туралы жаңартылған деректермен байланысты. Сонымен қатар Қазақстан өткен жылғы «С+» деңгейінен ілгерілей отырып, «В» тобына көтерілді. Бұл зейнетақы саясатының теңгерімділігі мен дәйектілігін көрсетеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, зерттеу 50-ден астам индикаторды қамтитын «Лайықтылық», «Тұрақтылық» және «Тұтастық» үш қосалқы индексі негізінде жүргізіледі. Осы индикаторлар бойынша зейнетақы жүйелерін жан-жақты және объективті бағалау үшін, оның ішінде ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесінің және т. б. деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтер пайдаланылды.

 

2025 жылы зейнетақы жүйесін талдау қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы көрсеткіші үлес салмағы бойынша өлшенген суб-индекстік бағалау нәтижелерін жинақтау жолымен қалыптасты:

  • «Лайықтылық» қосалқы индексі бойынша 47,0 балл, салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2024 жылы – 45,8 балл (үлес салмағының 40%: Қазақстан Оңтүстік Корея, Индонезия, Оңтүстік Африка және басқа елдерді артта қалдырды);
  • «Тұрақтылық» қосалқы индексі бойынша 74,2 балл, 2024 жылы – 73,1 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан Швейцария, Жапония, Қытай, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Норвегия, Франция, АҚШ және басқа да көптеген елдердің көрсеткіштерінен асып түсті);
  • «Тұтастық» қосалқы индексі бойынша – 81,1 балл, 2024 жылы – 80,4 балл (үлес салмағының 25%: Қазақстанның көрсеткіші Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа елдермен салыстырғанда жоғары).

 

Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары

 

Өткен 2 жылдағыдай, Mercer CFA сарапшылары Қазақстанға зейнетақы жүйесін келесі бағыттар бойынша жетілдіруді жалғастыру қажет деген ұсыныс жасады:

  • зейнеткерлердің неғұрлым осал санаттарын қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру;
  • азаматтарды ерікті зейнетақы жарналарының көлемін ұлғайтуға ынталандыру;
  • жүйенің ұзақ мерзімді әлеуетін сақтау үшін жинақтарды мерзімінен бұрын алуды шектеу;
  • қарт азаматтардың белсенді еңбек қызметін ұзарту тетіктерін дамыту;
  • жеке үзінді көшірмелерде салымшыларды болжамды зейнетақы төлемдері туралы хабардар ету тәжірибесін енгізу.

 

 Жаһандық контекст

 

2025 жылғы рейтингте бірінші орынды Нидерланды (85,4 ұпай), одан кейін Исландия (84,0) және Дания (82,3) иеленді. Бұл елдер жыл сайын ең жоғары нәтижелерге ие болады. Биыл индекске алғаш рет төрт елдің – Кувейт, Намибия, Оман және Панаманың зейнетақы жүйелері кірді.

 

Барлық елдер арасындағы орташа көрсеткіш 64,5 балды құрады, бұл демографиялық сын-тегеуріндер аясында зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы нығайып келе жатқанын  көрсетеді.

 

MCGPI есебінде көрініс тапқан инвестициялық қызметтің маңызды аспектілері

 

Mercer CFA Global Pension Index-тің 2025 жылғы есебінде әлем елдері жинақтардың сақталуын және Ұлттық зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы қорларының инвестицияларын реттеп, шектеп отыратыны немесе басқаша әсер ететіні атап өтілді. Инвестицияларды реттеудің екі негізгі тәсілі бар:

  • «парасатты инвестор» қағидаты – менеджерлер өз қаражаттарын басқарғандай, активтерді басқарудың белгіленген принциптерін басшылыққа ала отырып, сақтықпен әрекет етеді;
  • активтердің нақты сыныптары және шетелдік инвестициялардың үлесіне инвестициялар бойынша шектеулер мен белгілі бір лимиттер қағидаты. Бұл ретте неғұрлым икемді реттелетін елдер рейтингте жақсы нәтиже көрсетті. Талданған 52 зейнетақы жүйесінің тек 12-сінде инвестицияларға қатаң шектеулер жоқ, олардың 9-ы рейтинг көшбасшыларының қатарына кірді.

 

Есепте зейнетақы қорларының инвестицияларына шектеулердің екі мақсаты бар екендігі атап көрсетілген:

  1. зейнетақы жүйесінің сенімділігін және салымшылардың қаражатының сақталуын қамтамасыз ету – активтерді әртараптандыру, тәуекелдерді басқару және тәуекелді құралдарға салымдарды шектеу;
  2. жергілікті капитал нарығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға, қаржылық сауаттылықты арттыруға ықпал ететін ішкі қаржы нарықтарын дамытуды қолдау.

Сарапшылардың пікірінше, шамадан тыс шектеулер кірісті төмендетіп, әртараптандыруға кедергі келтіруі мүмкін.

 

Есепте сондай-ақ инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысушылардың мүдделері мен елдің ұлттық мүдделері арасындағы теңгерімді құрудың сегіз қағидаты келтірілген:

  • салымшыларды лайықты зейнетақы табысымен қамтамасыз ету;
  • зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудың адалдығы;
  • ұзақ мерзімге негізделген кірістер мен тәуекелдердің арақатынасын ескере отырып, сенімді және ашық инвестициялық басқару;
  • зейнетақы қорларының қаржы нарықтары мен инвестициялық мүмкіндіктерге толық қолжетімділігі;
  • зейнетақы жүйесіне қатысушылардың мүдделерін және зейнетақы қорларының шешімдерін ескере отырып, мемлекеттің ұлттық жобаларға инвестиция салуын ынталандыру;
  • инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту үшін зейнетақы қорларының мемлекетпен ынтымақтастығы;
  • мемлекеттің зейнетақы қорларының инвестициялық мүмкіндіктерін шектемей, портфельдердің құрамы, кірістілігі мен тәуекелдері туралы ақпаратты жария түрде ашу арқылы қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету;
  • макроэкономикалық ахуалды есепке алу, яғни зейнетақы активтерінің мемлекет экономикасында елеулі рөл атқаратын кезінде өзінің фискалдық және әлеуметтік саясаты мен зейнетақы қорларының инвестициялары және олардың зейнеткерлерге әсері арасындағы өзара байланыс ескерілуі тиіс.

 

Есепте Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметтері бойынша қаржылық қауіпсіздік халықтың жаһандық қартаюына және өмір сүру ұзақтығының ұзаруына байланысты демографиялық және экономикалық сын-қатерлерді шешуде шешуші рөл атқаратыны атап өтілді. Аталған форумда азаматтардың зейнетақы деңгейіне барынша әсер ететін 3 басым бағыт көрсетілген:

— барлығына базалық (кепілдендірілген) зейнетақыны қамтамасыз ету;

— тиімді басқарылатын және үнемді зейнетақы жоспарларының қолжетімділігін арттыру;

— зейнетақы жарналарының мөлшерін ұлғайтуға бағытталған бастамаларды қолдау.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтары 12 айда 20% дерлік ұлғайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жас отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеуге 28,25 млн АҚШ долларын пайдаланды

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

15.12.2025
5
Жаңалықтар

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

15.12.2025
5
Жаңалықтар

«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат

15.12.2025
5
Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

15.12.2025
10
Жаңалықтар

Пенсионная система Казахстана укрепила позиции в рейтинге Глобального пенсионного индекса Mercer CFA 2025 года

15.12.2025
5
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Чистый инвестиционный доход с 2014 года превысил 13,6 трлн тенге

15.12.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
445

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
187
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
186

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.