Ордабасы ауданының агроөнеркәсіп кешенінде инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын дамытудағы басты бағыттардың бірі. 2025 жылы ауыл шаруашылығына инвестиция салу жоспары 13 млрд теңгені құраса, 10 айдың қорытындысында 11,4 млрд теңге немесе 87,6% орындалды. Бұл көрсеткіш инвесторлардың ауыл шаруашылығына қызығушылығын және аудан экономикасына сенімін көрсетеді.
Инвестициялар негізінен егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және тамақ өнімдері өндірісіне бағытталды. Жаңадан салынған жылыжайлар, техника жаңарту, суару жүйелерін енгізу – ауданның агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Мысалы, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 4 ауыл округінде 6 АӨК құрылған және 141,2 млн теңге қаржыландырылған.
Бұл инвестициялар өнім көлемін арттыруға, мал шаруашылығында өнімділікті жоғарылатуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Аудандағы әрбір инвестициялық жоба ауыл шаруашылығын жаңғыртып, агроөнеркәсіп кешенін заманауи деңгейге жеткізуде маңызды рөл атқарады.


