Ордабасы ауданының аграрлық дамуының маңызды аспектісі – суармалы жерлерді тиімді пайдалану — Төрттаған
Вторник, 10 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Әлемде

Ордабасы ауданының аграрлық дамуының маңызды аспектісі – суармалы жерлерді тиімді пайдалану

08.12.2025
Әлемде, Жаңалықтар
0

Ордабасы ауданының аграрлық дамуының маңызды аспектісі – суармалы жерлерді тиімді пайдалану және жаңғырту арқылы егін өнімділігін арттыру. Аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші – ауыл шаруашылығы болғандықтан, егістік жерлерді суару мәселесі стратегиялық мәнге ие.

Аудандағы жалпы егістік жер көлемі – 88,1 мың гектар, оның ішінде суармалы жер – 34,4 мың гектар. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану мол өнім алудың негізгі факторы болып табылады. Сол себептен 2025 жылы аудан бойынша 9 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы жобаның құны 9,5 млрд теңгені құрады. Бұл каналдар арқылы егістік жерлер толық суаруға мүмкіндік алады. Мәселен, Төрткөл ауыл округінен “Р-11-С”, “Р-11-К”, “Р-12” каналдары, Бөген ауыл округінен “ЛБК”, “Р-1” каналдары жөндеуден өткізілуде. Сонымен қатар, Қажымұхан, Жеңіс және Қараспан ауыл округтерінде де каналдардың күрделі жөндеуі жүргізілуде.

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Каналдарды жөндеу және суару жүйелерін жаңарту жұмыстарының нәтижесінде егістік жерлерде өнім көлемі артты. Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терім науқанында 370 агроқұрылым төрағаларына 6,2 мың тонна жеңілдетілген жанармай бөлінді. Бұл шара егіс жұмыстарының тиімділігін арттыруға септігін тигізді.

Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын енгізу де маңызды орын алады. 2030 жылға дейін ауданда 15 891 гектар жерге су үнемдеу жүйелерін енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда – 6 925 гектар жерге енгізілген, оның ішінде 1 395 гектары тамшылатып суғару, 200 гектары жабырлатып суғару арқылы жүзеге асырылған. Мысалы, Жеңіс ауыл округінен «ПК Дала» АӨК 650 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілімен мақта дақылын егуде, гектарына 45 центнер өнім алды. Бұл әдіс тек суды үнемдеп қана қоймай, мол және сапалы өнім алуға кепілдік береді.

Аудан әкімдігі суармалы жерлерді дамытуда тек техникалық жаңғыртуды ғана емес, шаруалардың заманауи технологияларды пайдалануына қолдау көрсетуді де назарға алды. Жаңа техника сатып алу субсидиялары арқылы 168 бірлік техника алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты. Жаңартылған техника егістік жерлерді өңдеу, тыңайтқыштарды тарату және суару жұмыстарын жылдам әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, Ордабасы ауданының суармалы жерлерді дамыту тәжірибесі ауыл шаруашылығында мол өнім алуға, жер ресурстарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығы өндірісін заманауи стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған. Бұл шаралар аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға тікелей әсер етеді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ордабасы ауданының органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы егін өнімділігін арттыру тәжірибесі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Аудан экономикасында мал шаруашылығы үлкен рөл атқарады

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
6
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
6
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
12
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
15

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
278
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
208

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.