ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА АУДАН МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ — Төрттаған
Вторник, 25 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА АУДАН МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

25.11.2025
Жаңалықтар
0
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА АУДАН МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

READ ALSO

ОРДАБАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ САПАРЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ СЕРПІНІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚЫТАЙҒА ІСКЕРЛІК САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында ұйымдастырылған «Turkistan Investment and Tourism Forum – 2025» халықаралық инвестициялық форумына Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев пен аудан кәсіпкерлерінен құралған делегация қатысты.
Ауқымды іс-шараға шетелден 300-ге жуық компания өкілдері келіп, өңірлердің инвестициялық, туристік және өндірістік әлеуетімен танысты.
Форум аясында облысымыздың агроөнеркәсіп, индустрия, туризм және қолөнер бағытындағы жобаларынан көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдері, жаңа өндірістік желілер мен өңірлік даму бастамалары туралы тың ақпарат алды.
Форум барысында аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, ауданның экономикалық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырды. Әкім өңірдің өндіріс, ауыл шаруашылығы, логистика және шағын өнеркәсіпті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.
Бірқатар шетелдік компаниялар ауданмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып, алдын ала келісімдер жасалды. Ауданның агроөнеркәсіптік әлеуеті кеңінен таныстырылып, ауыл шаруашылығы саласындағы басым бағыттар — мал шаруашылығын дамыту, өнімдерді экспортқа шығару, суару жүйелерін жаңғырту және озық агротехнологияларды енгізу бойынша бірқатар жобалар ұсынылды.
Инвесторлар назарына төмендегі өндірістік және аграрлық жобалар ұсынылды:
➖Пестицидтерді сату бағыты (жылдық айналымы 110 млн юань);
➖«JIAN LIXIN» брендімен сұйық және суға еритін тыңайтқыш өндіру желісі;
➖«Zhuoqun» брендімен жылдық қуаттылығы 4500 тонна тыңайтқыш өндіретін зауыт;
➖Жылына 3000 тонна өнім өндіретін мульча қабықшасы зауыты;
➖Тұқым, тыңайтқыш, пестицид және ауыл шаруашылығы техникасын сататын кәсіби кооператив.
Аталған бастамалар Ордабасы ауданының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, шетелдік инвесторлармен өзара тиімді серіктестік орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.
Халықаралық форум нәтижесінде ауданға жаңа серіктестер тарту, инвестициялық жобаларды іске асыру және өңір экономикасын дамыту бағытында нақты қадамдар жасалды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АУЫЛДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ ТЫНЫС БЕРГЕН ЖОБА

Оқи отырыңызМақалалар

ОРДАБАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ САПАРЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ СЕРПІНІ
Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ САПАРЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ СЕРПІНІ

25.11.2025
5
ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ  ҚЫТАЙҒА  ІСКЕРЛІК САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚЫТАЙҒА ІСКЕРЛІК САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА

25.11.2025
4
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ – АГРОӨНДІРІСТІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН

25.11.2025
4
«РАМАЗАН-АГРО» ЖШС – МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ
Жаңалықтар

«РАМАЗАН-АГРО» ЖШС – МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

25.11.2025
4
ҚОЛДАУ МЕН ТАБАНДЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ТАБЫСТЫ ЖОБА
Жаңалықтар

ҚОЛДАУ МЕН ТАБАНДЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ТАБЫСТЫ ЖОБА

25.11.2025
4
ШАҒЫН КӘСІП – АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ
Жаңалықтар

ШАҒЫН КӘСІП – АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ

25.11.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
443

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
384
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
229
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
180
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.