ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ — Төрттаған
Суббота, 22 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

20.11.2025
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Түркістан қаласында түркі тілдес елдердің баспа ұйымдарын, қаламгерлерін, аудармашыларын, әдеби қауым өкілдерін тоғыстыратын халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Фолиант» баспасы директорының кеңесшісі Дәулеткерей Кәпұлын және «Фолиант» баспасының директор орынбасары Гүлнәр Саржанованы қабылдады. Кездесу барысында ауқымды шараға дайындық барысы жан-жақты талқыланып, атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамасына тоқталып, көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

READ ALSO

ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ КӨЛКЕНТ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

– Президент өз сөзінде: «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Мен Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысты қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деп атап өткен болатын. Осы орайда ұйымдастырылатын шараны жоғары деңгейде ұйымдастырылуы тиіс, – деген Ертай Кенжебекұлы жауаптыларға нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

«Turkistan Book Fair – 2025» көрме-жәрмеңкесіне 50-ге жуық компания қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха Республикасы (Якутия), Ресей, Қазақстан сынды елдер бар.

– Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, отбасымен бірге кітап оқуды насихаттау, оқырман талғамын қалыптастыру, – деді Дәулеткерей Кәпұлы.

«Фолиант» баспасының директор орынбасары Гүлнәр Саржанованың айтуынша, «Turkestan Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі үш күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, автормен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Аталған іс-шара аясында түркі тілдес елдердің баспаларының кітаптарына арналған арнайы экспозиция ұйымдастырылады. Кітап жәрмеңкесінде келушілер баспа бағасы бойынша кітап сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

«Turkestan Book Fair» түркі әлемінің рухани және мәдени байланысын нығайтуға, түркі елдерінің әдеби мұрасын кеңінен танытуға, баспагерлер авторлар мен мәдени ұйымдар арасында ынтымақтастық алаңын құруға бағытталған.

Айта кетсек, көрме-жәрмеңке кітапсүйер қауым үшін 26 қараша сағат 10:00-де ашылады, ал ресми ашылу салтанаты сағат 11:00-де «Конгресс Холл» фойесінде өтеді. Игі шараның ұйымдастырушысы – Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 138,5 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Оқи отырыңызМақалалар

ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

22.11.2025
4
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ КӨЛКЕНТ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ КӨЛКЕНТ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

22.11.2025
4
Н.КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ
Жаңалықтар

Н.КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

21.11.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН ЖЭК ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН ЖЭК ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

21.11.2025
4
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 138,5 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 138,5 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

20.11.2025
4
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

20.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
443

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
375
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
227
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
171

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.