ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Среда, 30 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысының балалары жыл 12 ай сауықтыру лагерінде демала алады. Бұл Президенттің тапсырмасына сәйкес балаларға бағытталған жыл бойғы лагерьлер идеясы аясында қолға алынды. Түркістан облысы әкімінің тікелей қолдауымен жүзеге асқан – Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіндегі «Алатау» лагері – әлеуметтік қорғау жүйесінен босаған ғимараттың облыстық білім басқармасының теңгеріміне өтіп, бүгінде сол жерде жыл бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру орталығының ашылуы өтті.
«Алатау» оқу-сауықтыру лагерінде жыл бойы 5 мыңдай оқушының демалып, білім алуына мүмкіндік бар. Лагердің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Елшібай, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, Білім саласының ардагері Ардақ Мәдіханқызы мен ұстаз, тарихшы, қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы сөз сөйлеп, лагердің алғашқы демалушыларына жаз қызығын көңілді өткізулеріне сәттілік тіледі.
– Балалардың жазғы сауықтыру демалысы қызықты, әріп қауіпсіз өтуі – басты назарымызда. Бұл лагерь 300 орынға арналған ғимарат бұған дейін әлеуметтік қызметтер ұсынатын мекемеге қарасты болған. Сауран ауданында жаңа 50 орындық оңалту орталығына көшірілген соң нысанды білім басқармасының теңгеріміне өткізіп, демалыс аймағына айналдырдық. Ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жаңа 270 шаршы метрлі бассейн салынды. Лагерь аумағында асхана, акт және спорт залы, жазғы концерт алаңшасы бар. Материалдық-техникалық базасы түгел жаңартылды. Енді жаз мезгілінен бөлек, өңірдегі үздік оқушылар, спорт пен өнерді облыстың намысын қорғап жүрген балалар жылдың басқа мезгілдерінде де кезең-кезеңімен осында демалуға мүмкіндік алды, – дейді Бейсенбай Дәулетұлы.
Сондай-ақ «Тау барысы» жазғы сауықтыру лагерінде 9 модульді нысан қолданысқа тапсырылды. Бұл лагерь 180 балаға арналған және жаз бойы жұмыс істейді. Заманауи талаптарға сай жабдықталды. Әрбір 20 орынға бір жауапты жетекшіден қарастырылған. Жас буынның жайлы әрі қауіпсіз жағдайда тынығуына барлық мүмкіндік сыйлайды. Лагерьдегі оқушылар ұлттық, спорттық, экологиялық, туристік, танымдық, шығармашылық жалпы барлық бағыттарда дамиды. Түрлі мәдени-рухани іс-шаралар, экспедициялар ұйымдастырылады.
Айта кетейік, биыл балаларға жасалған ерекше қамқорлық – модульді лагерь жобасының қолға алынып, сәтті жүзеге асырылуы. 5 мемлекеттік лагерьде 52 модульді корпус салынды. Нәтижесінде, 8 мыңға жуық қосымша орын ашылып, сауықтырудан өтетін балалардың саны артты. Модульді корпустар тау бөктерлерінде, заманауи, әрі санитарлық талаптарға сай, жылдам және тиімді қаражатпен бой көтерді. Модульді лагерь жобасы «Балауса», «Балдәурен», «Тау нұры», «Тау барысы» лагерлерінде қолға алынды. Осы аптада Бәйдібек ауданы «Тау шыңы» балалар жазғы демалыс лагерінде үшінші маусымның басталуы мен жаңа 10 модульді корпустың ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бір ауысымда 200-ден астам баланы қабылдайды. Бұған дейін екі ауысымда оқушылар демалып үлгерді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.