Бүгін Түркістанға «ЗАҢ және ТӘРТІП» қаржылық қауіпсіздік форумы аясында ҚР Еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі келді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімінің қолдауымен өткізіліп отырған шара бірқатар маңызды іс-шаралармен толықты.
«Конгресс Холл» кешенінің фойесінде флешмоб өтті. 300 адам шырқаған Мемлекеттік Әнұран ерекше атмосфера қалыптастырды. Ауқымды шараға мектеп оқушылары, би ұжымдары, әжелер қауымдастығы, ЭТТД қызметкерлері қатысты. Содан соң ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің саябағы «Самғау» би ансамблі, Түркістан театрының бишілері және «Бисұлтан» би ансамблінің қатысуымен әрі қарай жалғасын тапты.
Кешкісін «Би керуені» атты жоба аясында концерт өткізеді. ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің құрылғанына 70 жыл толуына орай шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Кеш барысында ансамбльдің репертуарында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің би қойылымдары бар. Концерттік бағдарламада әлем халықтарының билері және қазақтың ұлттық билері ұсынылады. Орыс, ұйғыр, болгар, татар, кәріс, қытай, өзбек, тәжік, моңғол және тағы басқа би қойылымдарын, әр елдің салт-дәстүрін, мәдениетін көрермендер тамашалай алады.
Айта кетейік, форум аясында таңертең баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, би ансамлінің жетекшілері сұхбат берді. Содан соң шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Онда өңірдегі би ұжымдарына дәрістер өткізіп, тәжірибе алмасты.