КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФОТОБАЙҚАУ ӨТТІ — Төрттаған
Суббота, 14 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФОТОБАЙҚАУ ӨТТІ

05.06.2025
Жаңалықтар
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФОТОБАЙҚАУ ӨТТІ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай облыстық деңгейде фотобайқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – қала және оған қарасты ауылдардың тыныс-тіршілігін, «Қаратау қорығының» көркем табиғатын, туризм әлеуетін кеңінен насихаттау, сондай-ақ фотография өнерін дамытуға серпін беру.
Бір айға созылған байқауға Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан кәсіби және әуесқой фотографтар қатысып, өз туындыларын жолдады. Қазылар алқасы тарапынан Кентау қаласының бірегей келбетін бейнелейтін, бұрын жарияланбаған үздік фотолар іріктеліп, сарапқа салынды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды мақтааралдық Ернар Бөрібаев иеленді. Екінші орын жетісайлық Нұрдәулет Сүлейменов және кентаулық Темур Сабировқа бұйырды. Ал, 3-орынға түркістандық Нуриддин Ысқақов, шардаралық Ермахан Мұсаханов пен түркістандық Нахып Шынтеміровтер лайық деп табылды. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Өзге де үздік туындылар иелері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кетейік, биыл Кентау қаласының құрылғанына 70 жыл толып отыр. Осы орайда, Кентау қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, Кентау қаласының 70 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, оған мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру, ішкі саясат бөлімдері белсенді қатысуда. Жоспарға сәйкес, түрлі байқаулар, жарыстар, кездесулер мен басқа да қызықты шаралар өткізу көзделуде. Мақсат – қала тұрғындарын біріктіріп, жастар мен зиялы қауым өкілдерін қамту. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бұқаралық спортты дамыту шаралары да жоспарланған.
Жалпы, Кентау қаласының тарихы — Қазақстанның индустриалды дамуы мен Оңтүстік өңірінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында ірі өнеркәсіптік орталық ретінде бой көтеріп, бүгінде Түркістан облысындағы маңызды қалалардың бірі болып саналады.
Кентау қаласы 1955 жылы құрылып, Түркістан облысының маңызды өнеркәсіптік және мәдени орталығына айналды. Қалада бірқатар өндіріс орындары, білім беру және мәдениет мекемелері орналасқан. Соңғы жылдары қала инфрақұрылымы жақсарып, жаңа тұрғын үйлер салынып, жол құрылысы қарқын алған. Қала көшелерін жарықтандыру және газбен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САРЫАҒАШТЫҚ ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН БӨДЕНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТЫП ОТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жастар арасында «Көңілді күй» семинар-тренингі өтті 

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
293
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
234
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
199

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.