ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ — Төрттаған
Воскресенье, 2 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

05.06.2025
Жаңалықтар
0
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Түркістан облысында инвестициялық климат қалыптасқан. Өндіріс саласы жаңа қарқынмен дамып келеді. Бұл – өзге өңірлерге үлгі. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес өңірге инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бағытында қарқынды жұмыстар жалғасуда. Жұмыс нәтижелері еліміздің өзге өңірлерінің қызығушылығын арттыруда.
Өңірдегі жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асыру барысымен танысу, тәжірибе алмасу мақсатында еліміздің өзге өңір делегацияларының Түркістан облысына іссапары жалғасып жатыр. Бұл жолы Маңғыстау облысынан келген жұмыс тобы аймақтың инвестициялық және туристік әлеуетімен танысып, маңызды ақпараттар алды. Делегацияны Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков бастап келді.
Екі күнге жоспарланған сапардың алғашқы күні жұмыс тобы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовпен кездесіп, өңіраралық әріптестікті нығайту, даму бағдарламалары жөнінде талқылады.
Сонымен қатар шаһардың тарихи-мәдени орталығына экскурсия жасап, «Ұлы дала елі» мұражайы, Қ.А.Ясауи кесенесі, «Күлтөбе» ескі қалашығымен танысты.
Іссапардың екінші күні «Turan» арнайы экономикалық аймағында жалғасты. Кейіннен, маңғыстаулық делегация шағын өндірістік парк аймағында болып, «Жасыл Суық Қазақстан» ЖШС, «Aqniet Holding» ЖШС, «BNK Group» ЖШС, «Daulet Holding» ЖШС, «Тұран Су» ЖШС-дегі жұмыс барысын бақылады.
Осы күні жұмысшы топ Ордабасы, Сайрам ауданындағы өндіріс орындарында, жылыжайда болды. Жұмыс барысына қаныққан маңғыстаулық делегация Түркістан облысының табысты тәжірибесін өз өңірлерінде ендіруге ниетті.
Айта кетейік, облыста негізгі инвестициялық алаңдар ретінде 15 индустриалды аймақ пен «TURAN» арнайы экономикалық аймағы бар. АЭА қатысушыларына әкімдік тарапынан қолдау мен жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі уақытта АЭА-да 129 жоба жүзеге асырылуда. Олардың 95-і іске қосылған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
438

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.