ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

05.04.2025
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» украиналық «UBC» компаниясының серіктестері және инвесторларымен бизнес-форум өтті. Халықаралық форумға Украина, Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан және еліміздің ірі компания иелері мен өкілдері қатысты.

✔️Форумда, алдымен Түркістан облысының инвестициялық-экономикалық әлеуеті туралы презентация жасалды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың инвестициялық әлеуетіне тоқталып, жиынға қатысушыларды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Тоңазытқыштар өндірісі жобасының сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

📌– Сіздерді түркі тілдес халықтардың жүрегі саналатын Түркістан қаласында қарсы алғаныма қуаныштымын! Бүгінгі іс-шара – идеялар алмасатын және жеткен жетістіктер туралы ой бөлісетін тамаша алаң. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өңірге инвестиция тарту жұмыстары қарқын алып, кәсіпорындар ашылуда. Түркістан – Ұлы Жібек жолында орналасқан Қазақстанның тарихи-мәдени орталығы. Тарихы терең шаһардың бүкіл түркі халықтары үшін рухани маңызы жоғары. Батыс пен шығыстың арасындағы сауда қатынастары, тиімді географиялық орналасуы және көптеген тарихи нысандары Түркістанды Орталық Азиядағы инвестициялар мен туризмнің орталығына айналдыруға зор мүмкіндіктер береді. 2018 жылы құрылған Түркістан облысы сауда-экономикалық байланыстарды және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Қазіргі уақытта өңірдің инвестициялық қоржынында 2025-2028 жылдарға жоспарланған 110 инвестициялық жоба бар. Бұл жобалар 4,6 миллиард АҚШ долларына дейін инвестиция тартуға және 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңірде «TURAN» арнайы экономикалық аймағы және индустриалды аймақтар сияқты инвестициялық алаңдар бар. Облыс әкімдігі инвесторлардың барлық бастамаларын қолдауға дайын екенін атап өткім келеді, – деді Нұралхан Көшеров.

✔️Маңызды басқосуда «Түркістан Инвест» компаниясының басқарма төрағасы Өмірзақ Юсупов Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырып, ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндады.

✔️Түркістан облысы – бизнеске бағдарланған аймақ. Өңірде 210 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілі жұмыс істейді. Оның ішінде, 160-тан астам компания шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылуда. Сонымен қатар 80 мыңнан астамы – шаруашылық және фермерлік қожалықтар. Соңғы 6 жылда Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауының арқасында өңірде инвестиция тарту бойынша ауқымды шаралар атқарылды. 2018 жылдан бері облысқа шамамен 9 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестициялар тартылды. Оның ішінде, 63%-ы – жеке инвестициялар. Инвестициялар өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, туризм және жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларға бағытталды.

✔️«UBC Group» компаниясының иесі Игорь Гуменный облыс әкімдігі тарапынан көрсетілген қолдауға алғысын жеткізіп, Түркістан өңірінде тоңазытқыштар өндірісі жобасының сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді. «UBC Group» басшылығы 2023 жылы өндірістік алаңдарын Қазақстанда орналастыру туралы шешім қабылдап, жаңа зауыт салу үшін орын іздей бастағанын жеткізді. Түркістан облысының әкімдігімен тиімді жұмыс істеу нәтижесінде Түркістан таңдалғанын айтты. Компанияның тарихы мен жеткен жетістіктеріне тоқталды. Бірнеше бағыт бойынша сәтті жұмыс істеп келе жатқанын мәлімдеп, әлемдік ірі компаниялармен серіктес екенін айтты.

✔️«UBC Group» сусындар мен азық-түліктерге арналған тоңазытқыш жабдықтарын өндіру, жарнамалық материалдарды әзірлеу және өндіру, жабдықтар мен техникалық процестерді жобалау және монтаждау, тоңазытқыш жабдықтарын жаңарту және қызмет көрсету, тауарлары мен қызметтерін сату сияқты бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді.

✔️Форум соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Шет мемлекеттерден келген инвесторлар Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін оң бағалап, бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласында жасанды интеллектті пайдалану кеңейтілетін болады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР 500 ГРАММ САЛМАҚПЕН ТУҒАН НӘРЕСТЕНІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.