Бәйдібек ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Сатыбалды Ақәділ Болатұлы төрағалық етіп, күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселелер қаралады.
Атап айтқанда: Бәйдібек ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жаңа құрамын және комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, 2024 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар, ертежүктіліктер, өз-өзіне қол жұмсау, суицидтің, интернет-алаяқтықтың алдын алу, профилактикасы және орын алған келеңсіз жағдайлар, оқушылар мен жастар арасындағы тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен орын алған жағдайлар туралы, аудандық полиция бөлімімен 2024 жылы есепке алынған қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған жасөспірімдермен атқарған жұмыстар туралы қаралып, жауапты басшылардың есептері тыңдалды.
Жиын қортындысымен хаттама түзіліп, тапсырмалардың орындалуын бақылау және комиссия отырысын тиістілігіне қарай тұрақты түрде өткізу бойынша комиссия хатшысына бірқатар тапсырмалар берілді.