“МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді — Төрттаған
Воскресенье, 27 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді

20.01.2025
Жаңалықтар
0
“МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ұрпақ тәрбиесі – қай заманда болмасын қоғам назарынан тыс қалған емес. Мемлекеттің тұтқасын сенімді қолға тапсырып, болашаққа нық қадам баса алатын бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру, білікті маман дайындау ісі баршаға ортақ міндет екендігі даусыз.
Десек те, бүгінгі көз ілеспес жылдамдықпен дамып отырған технологиялар заманында ғаламторға деген тәуелділік пен идеологиялық айқас дәуірінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты түйіні тарқатылмай отырған мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі – оң мен солын, жақсы мен жаманды толық ажыратып үлгермеген жастар арасындағы аутодеструктивті әрекет.
«Аутодеструктив» сөзі латын тілінен аударғанда «қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы» деген мағына береді. Аты айтып тұрғандай аутодеструктивті мінез-құлық тұлғаның қалыпты дамуына, оның психологиясына кері әсер етеді. Бүгінгі жастар арасында мұндай дерттің кеңінен қанат жаюы, әрине, алаңдатарлық жағдай.
Міне, осы бір келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелерінің қатысуымен Жылы су ауылдық округінде орналасқан “№26 жалпы білім беретін мектептің” жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Басқосуға сервситік полиция мүшесі Г.Дәулетиярова, “Имам Бухари” мешітінің имамы Нұрқазы Нәлібаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологы Жазира Қайратқызы қатысып, оқушылармен ашық сұхбат жүргізді.
Сұхбаттасу барысында орталық психологы жастық кезеңнің адамның тұлға ретіндегі қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екендігі, бұл кезеңде жастардың жанының нәзік, уайымға, кез-келген сәтсіздікке тез берілгіш болатындығы, жеткіншектік шақта адамның қалыптасуы сана-сезімінің дамуындағы өзгеріспен анықталатындығын айтып, сауалнама жүргізді.
Кездесуде “Имам Бухари” мешітінің имамы Нұрқазы Нәлібаев «Жас жеткіншек үшін бірінші кезектегі міндет – білім алу. Ислам діні білімді насихаттайды. Білім алу, игерген ғылымын еліміздің дамуына арнау – аса сауапты және абыройлы іс. Еліміздің нұрлы болашағы жастарымыздың игерген сапалы біліміне тікелей байланысты. Сондықтан ғылым игеруге талаптану керек» деп атап өтіп, нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ жастар арасындағы түрлі мәселелер тһңірегінде исламнан тәлім-тәрбиелік маңызы зор, тағылымды ғибрат айтты.
Сонымен қатар жастар орталығының психологы Жазира Қайратқызы жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық, әлімжеттік, бопсалау, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілік, суицид сынды өзекті мәселелерді түсіндірді және жауапкершіліктерін ұғындырды. Бүгінгі қоғамдағы сананы сансыратып, миды улайтын лудомания мәселелері, интернет алаяқтық және батыстың атыс-шабыс фильмдері мен қантөгістен тұратын интернет-ойындар жайлы ой-пікірлері тыңдалып, көзқарастары талқыланды.
Семинар соңында оқушылар арасында психологиялық тренинг өткізіліп, кездесу барысында айтылған мәселелер бойынша кері байланыс алынды.

«Аутодеструктив» сөзі жоғарыда айтып өткендей — қалыпты жағдайдағы құрылымының  бұзылуы.  Аутодеструктивті мінез-құлық – қалыпты дамуға, адамның психологиясына кері әсер етеді. Яғни, суицид ауруы. Ежелде қазақ халқында өз-өзіне қол салу болған емес. Бұл заман өзгерісімен туындап отырған жағдай.

Аутодеструктивті әрекеттер, яғни ол алкоголь, темекі  мен есірткі заттарын қабылдап, денсаулығына және  психикасына  зиян келтіруі, ішкі  эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның өз-өзіне  қол жұмсау  себебіне соңы  өлімге әкеліп соғатын  жағдай  деп қарастырамыз. Аутодеструктивті  міңез-құлық  қалыпты дамуға, адамның  психологиясына кері әсері етеді.   Яғни, суицид ауруы жастар арасында  мұндай   дерттің кеңінен таралуы алаңдатарлық жағдай.

Жалпы, жасөспірімдік кезең-адамның тұлға болып қалып  тасуына әсер  ететің маңызды фактор екенің  түсінікті. Бұл   кезең де  олар нәзік жанды,  тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш   болып  келеді. Ал  жеткіншектік    шаққа аяқ басқанда  адамның қалыптасуы    сана-сезімнің  дамуындағы өзгеріспен   пен  анықталды. Жасөспірім өзің  ересекпін   деп сезіне бастайды,  яғни  ол мұндай құбылысты   айналадағылардан  да талап  етуге  ұмтылды.   Бүгінде білім  саласында осы тақырып  жөніңде   арнайы сабақтар  өткізіліп,  аутодеструктивті   мінез-құлықты     болдырмаудың   жолдары кеңінен   түсіндірілуде.   Білім беру мекемелерінің психологтары аутодеструктивті мінез-құлық бойынша ерекше назардағы балалармен  (аутодеструктивті мінез-құлық өлшемдері бойынша анықталған «тәуекел топ») жұмысты әлеуметтік педагогтармен, инспектормен, сынып жетекшілерімен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен өзара бірлесіп атқарыланады.

Бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі танып білмеген, ондағы қиындық-тармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатыр ма? Жоқ, әрине.

Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі сынды оқиғалар орын алады. Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болуда. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексізбін деп түсініп, психологиялық күйзеліске тап болады.

Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындағы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жататыны белгілі. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс.

Мектепте қарасаңыз, кейбір оқушы-лардың қолында қымбат ұялы телефон. Соны көрген басқа оқушылар да «менде неге ондай жоқ» деп күйінеді, әке-шешесіне ренжиді. Жай нәрседей көрінгенімен, мұның өзінен үлкен мәселе туындайды. Осы сияқты мектепте әртүрлі оқиағалар орын алуы мүмкін. Өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген мәселенің алдын алуға болады.

Қазіргі жастардың көпшілігі жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайтыны көрініп жүр. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы істермен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді, сондықтан да олар өз өмірлері үшін күрескеннің орнына, мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді. Депрессиялық жағдайға түскен адам ұрысқа, қақтығысқа бейім. Оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғады.

Депрессияға, стресске шалдыққан адам, өзіне көңілі ешқашан толмайды. Осыны пайдаланып, буыны бекіп, өмір туралы өзіндік дүниетанымы қалыптасып келе жатқан жастарды желкесінен алып, жолынан тайдыратын, үмітін үзетін, басқа түскен қиындық-пен күресуіне жол бермейтін, өмірден түңілдіретін – осы суицид.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтықтан қорғау шаралары

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абайлаңыз Алаяқ!

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.