Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі студент жастармен “Ынтымақ — бұзылмайтын қорған” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, өары пирамидалары, жалған ақпарат таратудың жауапкершілігі туралы, жастардың қоғамда өз орнын табуға, сондай-ақ қоғамның және жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жандандыру.
Іс шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Ж. Қапанов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы орынбасары П. Ескулов, Түркістан облысы қоғамдық басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің “Талантты жастарды қолдау” бөлімінің басшысы Н. Жүрсін, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Б. Мейрханов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев қатысты.
Шара барысында сөз алғандар қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, кибергигиена, интернет-алаяқтықтың алдын алу, қаржы пирамидалры мен жалған ақпарат таратудың салдары туралы, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу, лудомания, вейп, буллинг, кибербуллингтен қорғанудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізе келе жастарға білім алуға, спортпен шұғылдануға, ата-ананың мақтаныштары болуға және студент жастарды құқықбұзушылық жасамауға, бірін — бірі сыйлауға, мәдениетті болуға шақырды.
Кездесу соңында жастар мен спикерлер арасында еркін форматта сұрақ-жауап өткізілді. Қатысушылар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сауалдарын қойып, арнайы мамандардан қажетті жауап алып отырды.