Сарыағаш ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ақпараттық керуен» мобильді қызмет көрсету тобы құрылды. Бұл шараның негізгі мақсаты — аудан тұрғындарының арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Топ құрамында аудандық жастар ресурстық орталығының, мансап орталығының қызметкерлері, теологтар мен психолог мамандары бар. Олар ауданға қарасты ауылдық округтерде жастармен кездесулер өткізіп, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар беріп, қоғамда белең алып отқан интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, адам саудасы, жалған ақпараттарды таратудың жауапкершілігі туралы, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, діни экстремизм мен терроризмнің, нашақорлықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін ең алдымен интернет-алаяқтыққа жол бермеудің ең тиімді құралы – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру.
Азаматтарды сақтандыру үшін келесідей сақтық шараларды атап өткен жөн:
• ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ерімеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді.
• өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;
• белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз;
• күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, айқын табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға тиіс;
• қосымшаларды орнату үшін тек ресми Aп стор (App store), Плэй маркет (Play market) көздерін пайдаланыңыз.
Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат ұсынылып, олардың мүмкіндіктері туралы мәліметтер берілуде. Бұл шаралар жастарды салауатты қоғам құруға, өз болашағын жоспарлауға және мемлекеттік қолдауды дұрыс пайдалану бағытында ынталандыруға бағытталған.
«Ақпараттық керуен» тобы жастарды қолдау, оларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну және қоғамда өз орнын табуға көмектесу арқылы болашаққа жарқын қадам жасауға бағытталған.