Ең алдымен алаяқтардың қолына түспеу үшін тек тексерілген интернет-дүкендерді таңдап, әлеуметтік желілер немесе жарнамалық сайттар арқылы алдын-ала жасалған тапсырыстарды төлемеу керек.
Егер өнім сізге өте қажет болып тұрса немесе оның бағасы өте тартымды болса, тапсырыс берер алдында интернет-дүкенді алаяқтық үшін тексерген жөн.
Ол үшін:
• Доменді тіркеу күнін анықтаңыз. Егер сайт жақында жасалған болса (бір апта немесе тіпті бір ай бұрын), оны алаяқтардың пайдалану мүмкіндігі өте жоғары екенін естен шығармаңыз.
• Форумдардағы немесе мамандандырылған кері байланыс сайттарындағы басқа адамдардың кері байланыстарын оқыңыз. Егер мұндай пікірлер болмаса немесе теріс пікірлер көп жазылған болса, сатып алудан бас тартыңыз. Өте жақсы пікірлердің көптігі де сізді алаңдатуы керек. Себебі бұл пікірлер тапсырыспен жазылған болуы мүмкін немесе шындыққа жанаспайды.
• Дүкеннің ұсынысын нақты бағалаңыз. Брендтік коллекцияны бастапқы құнынан 90% жеңілдікпен қою, тәркіленген тауарды сату немесе электрондық техниканың флагмандық модельдерін жарты бағада сату, бұның барлығы алаяқтардың құрған торы болуы әбден мүмкін.