Интернет-алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды — Төрттаған
Среда, 8 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Интернет-алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды

22.01.2025
Жаңалықтар
0
Интернет-алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Қазір – ақпараттық технология заманы. Мұның тиімді жағымен қатар қауіптілігі де жоқ емес. Ғаламтор арқылы адамдарды түрлі тәсілдермен алдап-арбап, зардап шектіру оқиғалары көптеп кездеседі. Бәріміз де ұялы телефонды қолданамыз, интернеттің көмегіне жүгінеміз. Сондай сәттерден сақ болған жөн.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Бүгінде интернет-алаяқтық қылмысы өзекті мәселелердің бірі. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Соның бірі – Kazpost қызметкері ретінде қоңырау шалу. Алаяқтар жәбірленушіге “сіздің атыңызға сәлемдеме келді” деген ақпарат беріп, 4 санды SMS-кодын сұрайды. Осылайша, жәбірленушінің атына ірі көлемде онлайн несие рәсімдейді.
Интернет-алаяқтық көбінесе пошта қызметкерлерінің атын жамылу арқылы жасалады. Осыған байланысты Kazpost бөлімшелеріне келіп түскен шағымдар саны да артып отыр.
“Полиция қызметкерлерінің интернет-алаяқтыққа қарсы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуі біз үшін де өте маңызды. Өйткені мұндай жағдайлар орын алғанда, біздің мекемелерге де көптеген арыз-шағымдар түседі. Азаматтар күмәнді хабарламалар немесе қоңыраулар алған кезде, бізден сәлемдеме келді ме, жоқ па – соны анықтауға тырысады. Өкінішке қарай, оларға алаяқтық фактілері екенін түсіндіру қиынға соғады. Біз өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, бірақ мұндай жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу қажет”, – дейді Kazpost бөлімшесінің өкілі.
Қазіргі таңда интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары көбейіп келеді. Алаяқтардың арбауына түспеу үшін сақтық шараларын білу өте маңызды!
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
— Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтеріңізді бермеңіз;
— Телефон арқылы банк қызметкері ретінде хабарласқандарға сенбеңіз;
— Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз;
— Егер алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз – 102.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАРҒА БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Оқушылар арасында «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
11
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
7
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
11
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
7
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
16

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
392
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
331
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
285
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
216

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.