Жалған ақпараттан көз сүрінеді — Төрттаған
Воскресенье, 27 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпараттан көз сүрінеді

08.01.2025
Қоғам
0
Жалған ақпараттан көз сүрінеді

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Соңғы кездері шындыққа жанаспайтын деректер әлеуметтік желілерде жиі таралуда.
Әлеуметтік желіде отырып мән-жайды анықтамастан жалған ақпарат тарату өте оңай болып кетті. Қазір қоғамда танымал болып жатқан әлеуметтік желілерде (X, Facebook, Whatsapp, Instagram, TikTok және тб.,) жалған ақпараттан көз сүрінеді. Әлеуметтік желі жалған ақпаратты тез таратуға қолайлы ортаға айналды. Оның қоғамға, саяси қақтығыстарға, діни араздықтарға қалай әсер ететінін көріп жүрміз.Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ақпарат таратқанда дерек көзі ретінде әлеуметтік желілерді белгілейді. Жасыратыны жоқ, ақпараттың дені қазір алдымен әлеуметтік желіде шығып, кейіннен БАҚ беттерінде тарайды. Кейде журналистер үшін шын болған оқиға мен жалған ақпараттың ара жігін ажырату оңайға соқпайды. Ал кейбіреулері үшін оған көз жеткізіп, тексеріп жатудың қажеті жоқ. Бұл жерде әлеуметтік желіден алынған жалған ақпаратты қандай мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқанын ескерген жөн. Өйткені қазір жоғары рейтинг пен сенсацияға басымдық беріледі.

Журналистер айналада болып жатқан оқиғаларға мұқият болғаны дұрыс. Ақпаратты өз аудиториясына объективті және сауатты түрде хабарлауы керек. Жаңалықтың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп алу артық етпейді. Кейбір ақпараттың мерзімін қараған да маңызды. Өйткені бұрын болған оқиғаны қазіргі жағдаймен байланыстырып тарату оңай. Сонымен қатар оқиға орнын ерекше тексеріп алған жөн. Өйткені басқа жерде немесе басқа елде болған жаңалықты ушықтырып таратып жіберетіндер бар. Әлеуметтік желідегі барлық ақпарат контент үшін жұмыс істейді.

«Fake news» ешкімге таңсық емес. Тіпті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де «жеңіске жеттік» деген фейк ақпараттар таратылып отырған. Түрлі фейк ақпараттар экономика, бизнес үшін де пайдаланылған жағдайлар кездеседі. Олар сол арқылы өздерінің маркетингтік зерттеулерін жүргізген.

Жалған ақпарат жақсы жағынан болсын, жаман жағынан болсын ғасырлар бойы тарап келеді. Қалай болғанда да, олар белгілі бір мақсатты көздеді. Өкінішке қарай, бүгінде көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалық неғұрлым жағымсыз, қатыгездік сипатта және біреудің жеке өміріне негізделсе, аудитория көп көңіл аударады деген ереже бар. Бұқаралық ақпарат құралдары қазір осы мақсатты көздейді.

Журналистер жалған ақпаратты бірден анықтап, деректерді тексеру құралдарын келесі критерийлерге сәйкес пайдалануы керек: нақты автор, дерек көзі,  ақпараттың мазмұны, фотосурет және видео. Айта кететіні, әрбір журналист, әрбір медиа этика кодексінен аттап кетпегені жөн.

Қоғам жалған ақпараттың жетегіне жылдам еріп кетеді. Психологиялық тұрғыдан алғанда, адамдардың көпшілігі мұндай ақпаратқа сенуге бейім. Жалған ақпарат қашан да тартымды келеді. Оқырманды қауесет пен жалған ақпаратқа сендіру оңай. Ал ақиқаты ашылғанға дейін, оның мүлдем ондай емес екендігіне сендіре алмайсыз. Өйткені, аудитория жалған ақпартты қабылдап, өз тарапынан жеке шешімін шығарып үлгереді. Кейбір ақпарат уақытында және жеткілікті түрде түсіндіріліп жарияланбайды. Осының салдарынан жалған ақпарат желіде тез тарайды. Кәсіби емес маман, ақиқатына көз жеткізбестен жариялауға кіріседі.

Шындыққа жанаспайтын ақпарат пен жалған жаңалықтарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қоғамдық процесстерге зиян келтіреді. Жалған жаңалықтарды әдейі ұйымдастырып, оны жариялау халықты адастырады. Аудитория кімге сену керектігін, не істеу керектігін білмей қалады. Бұрын жалған ақпарат адамға психологиялық тұрғыда теріс әсер етсе, бүгінде біреудің өмірін құртып жібере алады.Сол үшін де ақпарат қауіпті қаруға айналған.

Жалған ақпараттың алдын алу көп жағдайда мүмкін емес. Сол себепті аудиторияның көзін ашып, ақпаратты ажырата алатын иммунитетін көтеру маңызды. Қоғамның ақпараттық өміріне азаматтардың белсенді және тиімді қатысуы үшін заманауи жаңа білім мен дағдылар қажет. Осыған байланысты, адамның өмірі үшін бүгінгі таңда медиасауаттылық аса қажет екендігін түсінгеніміз жөн. Ақпараттың кем дегенде үш дерек көзін анықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнына сыни тұрғыдан қарау керек.

Әрине, фактілерді тексеру үшін көптеген онлайн ресурстар бар. Бұл жерде салауатты ойлауды дамытып, ақпаратта көрсетілгендей болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап іздеп үйренген дұрыс. Өкінішке орай, әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған жаңалықтар белгілі бір пікірлердің үстемдігімен, оқырмандар адастырады, саясаткерлер мен идеяларды арандатып, үмітсіздік сезімін тудырады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, әр оқырман бұқаралық ақпарат құралдарында болсын, әлеуметтік желілерде болсын пайда болған кез-келген мәтінді сынға алып, ой елегінен өткізуі керек екендігін түсіндірген жөн. Халықтың сауаттылығы мен жауапкершілігі артқан сайын жалған ақпараттар мен фейк жаңалықтардың жолы жабылады. Аудиторияны жалған жаңалықпен жаулап алуға болады деген арам пиғылдар өршімейді. Сауаттылық бар жерде ақиқатқа негізделген сапалы ақпараттар тарайды.

Фото — inshymkent.kz.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру» тақырыбында түсіндірме жұмысы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЫНТЫМАҚ — БҰЗЫЛМАЙТЫН ҚОРҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.