Түркістан қаласының әкімі сала басшыларымен мәжіліс өткізді — Төрттаған
Четверг, 30 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан қаласының әкімі сала басшыларымен мәжіліс өткізді

12.09.2024
Жаңалықтар
0
Түркістан қаласының әкімі сала басшыларымен мәжіліс өткізді

READ ALSO

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ

Құрылтай сайлауы – ел болашағына жауапты қадам

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков салаларға бекітілген жоспар мен берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшылары атқарылған жұмыс есебін ұсынып, тапсырмаларды тарқатып баяндады.
Шілде айында секторларда өткен жеке қабылдауының қортындысымен берілген 54 тапсырманың 52-сі орындалып, бақылаудан алынған, 2 тапсырма бойынша тиісті шаралар атқарылуда.
Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тіленші «Шауғар» секторындағы аллеяда жер тегістеліп, аяқ жол төселгенін, автоматты суару жүйесін орнату жұмысы жалғасып жатқанын, ал «Бірлік» секторындағы аллеяда қазіргі таңда сәулеттік қондырғылар орнатылып басталғанын жеткізді.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың мәлімдеуінше, коммуналдық меншіктегі пәтерлерде орналасу заңдылығына түгендеу жүргізу барысында 3418 пәтер араланып, нәтижесімен 110 акт түзілген. 3308 пәтер өз мақсатында пайдаланылуда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова өз кезегінде әлеуметтік сала көрсеткіштеріне тоқталды. АӘК алуға 3488 отбасы өтініш білдірген. 1387 отбасының тұрмыстық жағдайын зерделеу барысында 293 отбасы мұқтаж еместігі анықталған. Даму жоспарында бөлімге бекітілген 5 индикатордың бірі орындалып, өзгесін жыл соңына дейін атқару көзделген. Жұмыспен қамту бағдарламасының Еңбек бағытына 4946 азамат тартылған. Оның ішінде Жастар практикасымен — 528 жас маман, қоғамдық жұмыс орындарына — 1265, әлеуметтік жұмыс орындарына — 144, «Күміс жас» жобасымен — 173, тұрақты бос жұмыс орындарына 2279 азамат жолданған.
Нұрбол Әбдісаттарұлы мерзімі таяған хаттамалық тапсырмаларды да саралап, жауаптылардың уәжін тыңдады:
— Жылдың жұмыс жоспары қараша айында толық жабылуы тиіс. Ал, желтоқсан айын біз келесі жылдың тірліктерін пысықтауға арнаймыз. «Епшіл адам ертеңге іс қалдырмайды», ақталуға емес, жұмыстың бабын табуға тырысыңыздар, — деп, мәжілісті қорытындылады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ ӘЛЕМДІК ДЕРЖАВАҒА АЙНАЛУЫНА СЕБЕП БОЛҒАН НЕ?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жолдауға қолдау: Энергия – стратегиялық ресурс

Оқи отырыңызМақалалар

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ
Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ

29.07.2026
5
Құрылтай сайлауы – ел болашағына жауапты қадам
Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы – ел болашағына жауапты қадам

27.07.2026
11
Құрылтай сайлауына белсене қатысайық!
Жаңалықтар

Құрылтай сайлауына белсене қатысайық!

27.07.2026
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ БРЕНДТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ БРЕНДТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

27.07.2026
6
Құрылтай сайлауына белсене қатысайық
Жаңалықтар

Құрылтай сайлауына белсене қатысайық

25.07.2026
5
ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ  ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

24.07.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.