Түркістан қаласында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан қаласында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда

09.08.2024
Жаңалықтар
0
Түркістан қаласында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.
Осы орайда, кезекті аралауды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков М.Әбенова көшесіндегі кәріз жүйесінің құрылысынан бастады. «Capital Construction Projects Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоба бойынша 1600 метрге темірбетон құбырларын жүргізуді қолға алып, 1200 метрде жұмысты соңына жеткізді. Қазіргі таңда құрылыс 400 метрде жалғасуда.
Мердігер қажетті жабдықтардың жеткізілгенін, сапа талаптарының сақталып жатқанын баяндады.
Нұрбол Әбдісаттарұлы техникалық қадағалаушы мекеме өкілінің де есебін тыңдап, нысанның өндірістік кестеден кешікпей тапсырылуы қажеттігін ескертті.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абоненттер саны – 16 336, бұл қала тұрғындарының 36,5%-ын құрайды. Аталған көрсеткішті жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған сай, бүгінде 17 жоба әзірленіп, 11 нысанның құрылысы жүзеге асуда. Сонымен қатар 4 нысанның жобалау-сметалық құжаттары республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған.
Мәдениет үйінің құрылысын бақылау барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы жұмысшыларды көбейту қажеттігін тағы ескертті. Қабырғасы қаланып біткен екіқабатты ғимараттың ішкі әрлеуіне, шатыр жабу, терезе орнату жұмыстарына бүгінгі таңда 40-тан астам құрылысшы жұмылдырылған. Аумағы 1,13 гектарды құрайтын 500 орынға шақталған мәдениет үйінде демалыс аймағы, автотұрақ және балалар ойын алаңшасын салу да қарастырылған.
Шаһар басшысы тиісті сала жетекшілеріне Мәдениет үйінің айналасын абаттандыру бойынша ұсыныс беруді тапсырды.
Түркістан қаласында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі — Ә.Жангелдин көшесінің құрылысы.
3800 м ұзындықты құрайтын нысанның құрылысы соңына таяп келеді. Онда екі қабаттан тұратын асфальт жабындысы төселіп, жол жиегінде суағар науалар орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынып, көше жарықшамдарымен қамтамасыз етілуде.
Сонымен бірге, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін Ә.Жангелдин көшесіндегі жол құрылысының барысын тексерді. Қазіргі таңда тасты жабындымен тұрған 300 метр аумағында құрылыс қарқын алды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы кәріз жүйесінің құбырлары төселген соң, бірінші кезекте жолдың асфальт жабындысын аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, жол қиылыстары көлік кептелісін туындатпауы қажеттігін ескертіп, жаяулар үшін қауіпсіз өткелдерді және көліктердің қауіпсіз қозғалысы үшін қиылыстарды ыңғайластыруды жүктеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҮРКІСТАНДА АЛТЫ ЖАСТАҒЫ БАЛАДАН АЛПЫСТАҒЫ ҚАРТҚА ДЕЙІН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.