АТАҚТЫ ВАЙНЕР МЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ — Төрттаған
Воскресенье, 3 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АТАҚТЫ ВАЙНЕР МЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

31.07.2024
Жаңалықтар
0
АТАҚТЫ ВАЙНЕР МЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.
«Таза Қазақстан» өзімізден басталады. Еліміз ең алдымен өз отандастарымыз үшін таза әрі жайлы болуы керек. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені жалпыұлттық деңгейге көтерді. Тазалық пен тәртіп – өмір сүру нормасына айналуға тиіс. «Таза Қазақстан» Road-эстафетасы тас жолдардағы қоқыс мәселесін шешіп қана қоймай, қоғамды біріктіреді, экологиялық мәдениет пен сана қалыптастырады.
Түркістан қаласы әкімімен бекітілген кестесіне сәйкес Түркістанда апта соңында тағы да тазалық шарасы ұйымдастырылып, сенбіліктің соңы көңілді флешмобпен аяқталды. Қ.А.Ясауи кесенесі мен Күлтөбе қалашығының аумағы, Жібек жолы саябағы, Отырар мөлтек ауданында өткен тазарту жұмыстарына 1000-ға жуық адам қатысты. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясындағы шараға қаладағы 6 сектор тұрғындары мен әкімдікке қарасты 14 мекеме қызметкерлері атсалысып, 13 техника жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде қураған шөптер мен арық-атыздар тазаланып, 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, панкратион спортынан әлем чемпионы Ержан Естанов пен шаһарымыздың қонағы Серғазы Тоқтарбек сенбілік жұмыстарына қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Шаһар халқына жылы лебіздерін білдіріп, түркістандықтардың қонақжайлылығына алғыстарын айтты.
Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды.
Шараға қала тұрғындары және шаһардың ерікті жастары атсалысты. Белсенді азаматтар топтарға бөлініп, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа түсті.
«Плоггинг» – салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым. Жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни бір оқпен екі қоянды ату дегенді білдіреді. Әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал үрдіс. Физикалық қимыл қозғалыспен жасалатын бұл акция қала тұрғындарының да көңілінен шықты.
Тазарту жұмыстары шаһардағы Президент саябағы мен Арыс-Түркістан су арнасының бойында ұйымдастырылып, аумақтары күл-қоқыстан тазаланды.
Сонымен бірге, Түркістан қаласының полицейлері қала аумағында белгіленбеген орынға қоқыс тастаған азаматтарды анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша айыппұл салып, әкімшілік хаттама толтыруда.
Сонымен қатар, қоқыс тастау құқықбұзушылықтарының мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді қала аумағында қоқыс тастамауға және қоршаған орта тазалығын сақтауға шақырамыз! Өз қаламызды таза ұстайық!
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 60 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Суицид. Аутодеструктивті мінез-құлық

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.