«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты АЭС-ты және елдің энергетикалық тәуелсіздігін қолдайды — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты АЭС-ты және елдің энергетикалық тәуелсіздігін қолдайды

14.09.2024
Жаңалықтар
0
«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты АЭС-ты және елдің энергетикалық тәуелсіздігін қолдайды

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам белсенді әйел «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты «Tomiris» әйелдер саяси көшбасшылығы жобасы аясында ұйымдастырылған оқу курстарына қатысты. Бүгін Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов олармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін референдум мен Президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Іс-шараны ашқан Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер қоғам өміріне және елдің жан-жақты дамуына зор үлесі қосатынын әрдайым айтып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту Президент пен «AMANAT» партиясының басты назарында екенін айтты.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМҒА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ол Әйелдер қанаты бір жарым жылда «AMANAT» партиясының қозғаушы күштерінің біріне айналғанын атап өтті. Мәселен, Әйелдер қанатының алғашқы форумында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды, Парламент тиісті заң қабылдап, ол жақында күшіне енді. Сонымен қатар халықтың қарыз жүктемесін азайту, құмар ойындарға қарсы күрес туралы жаңа заңдар күшіне еніп, бұл мәселелер де Әйелдер қанаты мүшелерінің бастамасымен көтерілді.

Кездесуге қатысушылар еліміздегі ең маңызды оқиғалардың бірі – Мемлекет басшысының Жолдауын да талқылады. «AMANAT» партиясының Төрағасы әр Жолдау – бұл халықтың қажеттілігі мен сұранысына негізделген нақты іс-қимыл жиынтығы екенін мәлімдеді. Соның бірі – соңғы жылдары халық пен бизнес қатты сезініп отырған энергия тапшылығы мәселесі. Осыған байланысты, АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесін шешіп, оның алдағы экономикалық дамуын қамтамасыз етуге тиіс.

Ерлан Қошанов бүгінде АЭС идеясына қазақстандықтардың басым бөлігі қолдау білдіргені маңызды екенін атап өтті. Сондықтан партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Осы күні Халықтық штаб мүшелері өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесуде. Қазірдің өзінде халық тарапынан бейбіт атом идеясына үлкен қолдау байқалады. Мәжіліс Спикері азаматтар АЭС-ке балама жоқ екенін түсініп, бұл тағдыршешті мәселеде олардың дауысы шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

«Бүгін біз елдің одан әрі дамуына әсер ететін барлық маңызды шешімдер халықпен бірге қабылданып жатқанын көріп отырмыз. Жаңа саяси мәдениеттің мәні осында. Біз барлығымыз бірге жаңартылған Конституция үшін дауыс бердік. Қазір халық қабылдаған шешімнің дұрыс болғанын көріп отырмыз. Бұл жолы да бірлесіп, еліміздің прогрессивті дамуына тағы бір батыл қадам жасауымыз керек. 6 қазанда біз батыл шешім қабылдап, АЭС құрылысына дауыс беруіміз керек», – деді ол.

Өз кезегінде Ядролық физика институтының ғылыми хатшысы Карлығаш Мұнасбаева және Ядролық физика институтының ядролық және физикалық қауіпсіздік оқу орталығының бастығы Наталья Измайлова қауіпсіздік және экологиялық талаптарға сәйкес келетін соңғы жетістіктер мен әзірлемелерді пайдалана отырып, АЭС салудың перспективасы туралы айтты. Ал Жетісу облысы Сарқан ауылынан келген кәсіпкер Кенжетай Тазабекова АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Партия Төрағасы қазір кәсіби мамандардың дәлелді сөздері күмәншіл адамдар мен сыншылардың пікірінен басым түсіп, атом энергиясына қатысты халықтың қорқынышы мен үрейін сейілтуі өте маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында партияның Әйелдер қанатының мүшелері АЭС құрылысына қолдау білдіріп, барша қазақстандықтарды референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

“Таза Қазақстан — Таза Қуат” республикалық акциясы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жолдауға қолдау: Қуат тапшылығынан құтқарады

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМҒА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМҒА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНАН 2 МЫҢ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ БАРАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНАН 2 МЫҢ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ БАРАДЫ

03.06.2025
3
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

03.06.2025
3
КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ
Жаңалықтар

КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ

03.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.