Онлайн сауда опық жегізбесін десеңіз! — Төрттаған
Воскресенье, 3 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Онлайн сауда опық жегізбесін десеңіз!

21.07.2024
Қоғам
0
Онлайн сауда опық жегізбесін десеңіз!

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Тауарлардың электрондық саудасы — деп жеке тұлғаларға тауарларды интернет-дүкен немесе интернет — алаң арқылы өткізу жөніндегі қызмет танылады, онда мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылуға, төлем қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізілуге тиіс, сондай-ақ жеке жеткізу қызметі болуға немесе жүк тасымалдаушылармен не курьерлік немесе пошта қызметімен шарт жасасуға тиіс.

Заманауи қоғам қолма-қол ақша төлеуден кетіп жатыр. Адамдар әмиянда ақша ұстаудың орнына қаражатын интернет қосымшалары арқылы басқарып, бірнеше төлем карточкаларын ғана алып жүреді. Бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз. Бүгінде дәстүрлі дүкендерге қарағанда, интернеттен сатып алудың тиімділігімен негізделген, себебі онлайн-дүкендердің үстеме шығыстары төмен, тиісінше өнімнің өзіндік құны да төмен. Тұтынушы өзіне қажетті затты сапасы мен қаражаты жағынан тез арада тапсырыс бере алады, ал кәсіпкер электронды сауда арқылы әлем нарығына шыға алады.

Онлайн-мәмілелерді жасасудың жүз пайыздық өсуі көп нәрсені білдіреді. Алайда, көбінесе киберқауіпсіздікке және желідегі алаяқтыққа қатысты кемшіліктер де бар. Сондықтан желіде кез келген қаржы операцияларын жүргізу кезінде екі есе қырағы болу керек.

«Алаяқтар өз құрбандарын қалай тартады? Ең алдымен — негізсіз төмен бағамен. Тауарларға тапсырыс беру кезінде көбінесе жедел төлем терминалы арқылы белгілі бір виртуалды әмиянға ақша салу арқылы алдын-ала төлем жасауды сұрайды. Әрі қарай, дүкен бірнеше күн бойы сылтаулар айтып, сізге тауарды жедел жеткізуге уәде береді, содан кейін із-түзсіз жоғалады немесе сапасыз тауар жібереді. Алдын-ала төленген өнімді сатып алар кезде, есте ұстау қажет нәрсе ол сенімді интернет-дүкендер сізден виртуалды әмиянға немесе ұялы телефон шотына ақша аударуды сұрамайды. Интернет желісінен дүкен туралы ақпаратты іздеңіз, оның нарықта қанша уақыт болғанын тексеріңіз. Егер сіз ірі дүкендер желісі не өзіңіз білетін компанияның сайты арқылы тапсырыс бермек болсаңыз, браузердің мекенжай жолағында ресурстың мекенжайын дұрыс жазғаныңызға көз жеткізіңіз».

Сатып алушы сақтай отырып интернетте мәмілелер жасау кезінде алданып қалу тәуекелін айтарлықтай төмендете алатын бірнеше қарапайым қағидалар бар.

  • Байланыс қауіпсіздігіне назар аударыңыз

Қауіпсіз сайттардың мекенжайы https деп басталады. Бұндағы s әрпі — secure — «қауіпсіз» дегенді білдіреді.

Интернет-дүкен ашуға арналған Ecwid платформасы HTTPS пен SSL-сертификаттарын қолдануға кеңес береді. Олар қолданушы мен сайт арасындағы дерек алмасу арнасын қорғайды.

Егер онлайн-дүкен мекенжайы http деп басталса, сауда жасамай-ақ қойған абзал. Бұндай жағдайда төлем картасының реквизиттерін ұрлату қаупі бар. Бір күндік сайттар бар. Көбінесе олар сатып алушыларды аста-төк акциялармен қызықтырады, тауарларды нарыққа қарағанда екі есе арзан ұсынады. Бұл сайттың күмәнді екендігінің айқын белгісі.

  • Пікірлерді оқыңыз.

Қандай да бір сауда жасардан бұрын бірінші сол онлайн-дүкен туралы адамдардың пікірін оқып шыққан жөн. Алданған адамдар болса, сол туралы жазған болар. Дүкеннің мекенжайын тексеріп, телефоны көрсетілсе, хабарласып көруге болады. Сонымен қатар, сатып алушылар әрдайым тауардың құнына назар аударуы керек, егер баға нарықтық бағадан едәуір төмен болса, онда бұл күдік тудыруы керек.

  • Төлем әдістерін таңдау.

Онлайн-дүкен неғұрлым көп төлем әдістерін ұсынса, соғұрлым жақсы. Егер ақшаны жеткізу кезінде, төлеуге болатын болса тіптен жақсы. Интернет-саудаға жеке карта немесе онлайн-әмиян қолданыңыз. Сауда жасауға жеке карта арнаңыз. Әр сауда алдында оған қажетті соманы ғана салыңыз. СМС-банк қызметін қосқан да абзал. Сонымен бірге картадан шешіп алуға болатын соманың шектік мөлшерін белгілеп қоюға болады.

  • Алдын ала төлемге келіспеңіз

Бұрыннан таныс сатушы немесе досыңыз болмаса, тауар үшін алдын ала төлеуге келіспеңіз. Ақшаны алған соң, жай ғана, тауарды жібермей алдап кететіндер көп. Зат қолыңызға тиген соң, оның сапасына көңіліңіз толғанда ғана төлем жасайтын жолды, дүкенді таңдаңыз. Тауар сатып алмас бұрын, дүкен әкімшілігінен заңды тұлға туралы деректерді сұратып, алынған ақпаратты салық органдарының жалпыға қолжетімді дерекқорлары мен заңды тұлғалардың тізімін пайдаланып тексеру қажет.

  • Чек пен квитанцияларды сақтаңыз

Кейде тапсырыс берген тауарды әкеліп бергенде оның сапасы дүкенде жазылғандай «мінсіз» болмай шығады. Бұндай жағдайда оны кері қайтару керек. Ол үшін тауарды қай дүкеннен қаншаға сатып алғаныңызды дәлелдейтін чектер мен квитанциялары қажет.

Алаяқтықтың ең көп таралған түрі — бұл сайттар мен әлеуметтік желілердегі жарнамалар. Автокөлік аксессуарларын, смартфондар және басқа жабдықтарды, киім мен аяқ киімді, тапсырыс бойынша жиһазды сатып алушылар интернет-алаяқтарға жиі кездеседі. Сонымен қатар, әлеуметтік желі не интернет-дүкен болсын, алаяқтарға тап болу мүмкіндігі бірдей.

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне киберқылмыскерлердің құрбаны болған тұрғындардың шағымдары жылдан жылға артып келе жатқанын атап өткен дұрыс. Жыл басынан бері Департаментке азаматтардан 1299-ден астам өтініш келіп түсті, кәсіпкерлерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді және сәйкесінше 71 әкімшілік хаттама (ұсыным) жасалды, сондай-ақ тұтынушыларға 36 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Заңның 24-бабына сәйкес сатушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен бақылау-касса машиналарының болуы, сондай-ақ бақылау-касса машиналарының орналасқан жерінде қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға міндетті. Фискалдық чек ұсынылмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге құқылы. Айта кету керек, тұтынушы тауарды өз еркімен таңдайды және сатып алуды жүзеге асырады, сондықтан сатушының деректемелері мен байланыс деректерін анықтау жауапкершілігі тұтынушының өзіне жүктеледі. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган электрондық саудаға жосықсыз қатысушыларын іздестіру іс-шараларын жүргізбейді. Алаяқтық және тұтынушыларды алдау фактілері бойынша интернет-алаяқтарын іздестіру іс-шараларын ішкі істер органдары қарайды.

Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері «жедел желі» арқылы және азаматтарды жеке қабылдау кезінде тұтынушыларға сатушыға қатысты әрі қарай әрекет ету, олардың заңды мүдделері мен бұзылған құқықтарын қорғау жолдары туралы кеңес береді. Мемлекеттік органға өтінішті «e-Otinish» бірыңғай ақпараттық платформасы, «Egov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады, немесе 8 771 322 82 82, 8 707 347 38 76, 8 775 224 56 16 жедел желісі бойынша қоңырау шалуға, сондай-ақ тұтынушылар Түркістан облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерге көмек пен кеңес алуға құқылы.

 Түркістан облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің тізімі:

— «Нұр даму — хаттар мен шағымдар бөлімі» қоғамдық бірлестігі Түркістан қаласы, Үсенов көшесі, 78. тел.: +7 (771) 640-73-38

— «Оңтүстік -Самұрық» кәсіпкерлердің және тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі. Жетісай қаласы, Қожанов көшесі. тел.: 8 (702) 819-90-50
— «Мейірім көзі» тұтынушылардың құқықтарын  қорғау қоғамдық бірлестігі. Сарыағаш қаласы, Көркілес ауылы, Т. Сыбанов көшесі, 24. тел.: 8 (701) 336-45-74

— «Адал» қоғамдық бірлестігі. Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, Қуаныш сауда орталығы. тел: +7 (771) 828-82-32

Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Абайлаңыз, қаржы пирамидасы! 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтар жалған «салықтық» хабарламаларды таратуда

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.